“Экспо” көрмесінің тұмары ғаламторда дау туғызды

0
86

“Тәңірі мен бөрі” Экспо-2017 көрмесінің басты тұмарына айналмақ. Бұл үлгі екі аптаға созылған дауыс берудің қортындысы бойынша топ жарған.

Алайда жеңімпаз тұмар барлығына бірдей ұнап жатқан жоқ деп хабарлайды КТК арнасы. Әлеуметтік желілерде осыған байланысты пікірталас қыза түсуде.

Ежелгі түркілер табынған “Тәңірі мен Бөріге” қатысты пікір сан қилы. Бірақ ол өзімен сынға түскен 6 үміткерден көп дауыс жинап жеңімпаз атанып отыр. Негізі, сайысқа түскен тұмар болашақтағы қуат көзі саналатын күн энергиясы мен қазақтың ұлттық мәдениетіне сай болуы керек деген талап қойылған.

Байқаудың нәтижесі жарияланған бойда, ол ғаламторды дүр сілкіндірді. Интернет қолданушыларының бір тобы “Тәңірі мен Бөріні” мүлдем ұнатпаса, кейбірі ұсынылған үлгінің ешқайсысы да көңілден шықпағанын ашына жазуда.

Сондықтан қонақтар алдында ұятқа қалмас үшін асықпауға шақырып отыр. Өйткені “Экспо” Олимпиада ойындарынан кем емес. Әрі тұмар сәтті таңдалса, одан мол табыс табуға болады.

КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз