Жарылқап Қалыбайдың аппелляциялық сотқа берген шағымы қаралды

0
62

Соңғы кездері соттан көз ашпаған “Аңыз адам” журналына қатысты тағы бір шешім шығарылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы басылымның бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың аппелляциялық сотқа берген шағымы қаралды.

 Жарылқап Қалыбайдың аппелляциялық сотқа берген шағымы қаралды

Аппеляциялық сот алқасы тараптар мен прокурордың қорытындысын тыңдай келе аталған қаулыға өзгеріс енгізуді, осы іс бойынша жауапкершілігі шектелген серіктестікке тағылған айыппұлды жепістен 50 АЕК-ке төмендетіп, 92 мың 600 теңгеге өзгертуді ұйғарды деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда адвокаттар соттың бұл шешіміне де наразы.

“Бұл жерде керісінше, Жарылқап Қалыбай бүкіл халықтың ойын айтты. Яғни, біз жеке адам ретінде басқа елдің территориясын жаулап алғанды ешқашан да дұрыс деп санамаймыз”, – деді Шынқуат Байжанов.

Адвокат мұнымен тоқтап қалмай бас прокуратураға да шағымданатындарын айтты. Экстремизм белгілері бар деген желеумен екі рет сараптамадан өткен басылымда фашизмді насихаттайтын ешбір сөз жоқ дейді қорғаушылар.Ал, қоғамдық қорғаушылар “бұл жағдай ұлтаралық татулыққа сына қағады” деген пікірде.

Белгілі режиссер Еркін Рақышев та шулы іске қатысты пікірін айтып, журналисті қолдайтынын жеткізді.

“Аңыз адам журналына қатысты соттарға қатысып жүргелі бір нәрсеге көзім жетті. Бұл жай сот емес, саяси сот. Бұл журналды жабуға болмайды. Бұл қазаққа қажет журнал. Бұл біздің ата-бабаларымызды, батыр, хандарымызды, билерімізді, әлемдік деңгейдегі тұлғаларымызды халыққа дәріптейтін журнал”, – деген сенімде Еркін Рақышев.

Ал қаншама уақыт бойы сот табалдырығын тоздыруға мәжбүр болған бас редактор судьяларға көңілі толмайтынын айтты.

“Бұл барып тұрған әділетсіздік. Бізде сот билігі жоқ. Әділетті сот жоқ. Бұл тарихта қалатын оқиға болады. Ертең осы судьялар кешегі Алаш арыстарын соттап, жоқ жерден “жапон тыңшысы”, “халық жауы” жасаған сияқты Жарылқап Қалыбайды да солай көрсетпекші”, – деді Жарылқап Қалыбай.

Биыл Адольф Гитлерге бір санын арнаған журналды алдымен соғыс ардагерлері фашизмді насихаттады деп сотқа берген еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз