Елдегі бензин тапшылығын үкімет қолдан жасап отыр

0
50

Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығын бұрынғы мүдделi министрліктер мен ведомстволар, операторлар мұнай өнiмдерi ресурстарын ұстаушылармен бірлесіп, қолдан жасап отырғандай әсер қалдырады.

Елдегі бензин тапшылығын үкімет қолдан жасап отыр

Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында “Қазақстанның отын қауымдастығы 1″ заңды тұлғалар және кәсіпкерлер бірлестігінің заңгері Жақсылық Жанқалов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.“2014 жылдың қаңтарынан бастап бөлінген АИ-92 бензині ай сайын 10% азайғандығы байқалады. Бөлінетін көлемнің азаюы мәселенің бір жағы ғана. Мәселенің басқа жағы – ол операторлардың, мұнай өнiмдерi ресурстарын ұстаушылардың өз міндеттемелерін орындамаудан туындауда. Олар бөлінген көлемді беруден бас тартып отыр”, – дедi Жанқалов.

Бұған қоса Ресей жағармай нарығының Қазақстан тұтынушыларына жабық болуы қалыптасқан жағдайды одан әрі ұшықтыруда деп есептейдi заңгер.

Қазақстан жағармай нарығының 40%-ы импортқа тәуелді.

“Қоғамдастық мүдделі мемлекеттік органдарға Ресей жанар-жағармайын Қазақстанға әкелуді шектеу Қазақстанда мұнай өнімдері тапшылығына әкеліп соқтыратындығын бірнеше рет ескерткен. Өйткені, Қазақстан жағармай нарығының 40%-ы импортқа тәуелді. Ресейден мұнай өнімдерін жеткізуші оператор, яғни биылғы жылы ол – “ҚазМұнайГаз Өнімдері” ЖШС 2014 жылға арналған мұнай өнімдерін жеткізу кестесіне сәйкес, Ресейден маусым айында 112 мың тонна және шілде айында 50 мың тонна Аи-92 бензинін әкелуі тиіс болған. 2014 жылдың 6 тамызында таратылған баспасөз релизінде олар Ресейден АИ-92 бензинін маусым айында 15,0 мың тонна және шілде айында 12,0 мың тонна импорттағаны айтылған. Бұл кестедегі көлемнің 16,7% пайызын ғана құрайды”, – деп тоқталды ол.

Сонымен қатар, ҚОҚ өкiлi дизель отынын импорттау бойынша көрсетілген көлемнің 45%-ы ғана жеткізілгенiн тiлге тиек еттi.

“Қалған көлемді жеткізуге ниет білдірген бөлшек сауда жасаушылардың өтініштеріне “ҚазМұнайГаз” Ресей Федерациясынан импортқа қойылған шектеу алынғанын айтып, қалған көлемді өздері әкеле алатынын хабарлаған. Бөлшек сауда жасаушылар көтерме нарықтан жанар-жағармай материалдарын сатып ала алмайды, өйткені АИ-92 бензинінің көтерме бағасы 123-125 теңге, ал дизель отыны бойынша ұсыныстар мүлдем жоқ”, – деп толықтырды өз ойын ол.

Оның айтуынша, бөлшек сауда жасаушылар өздерінің үшінші тарап алдындағы міндеттемелерін орындау үшін, жанар-жағармай материалдарын көтерме нарықтан шығынданып сатып алып отыр. Ондағы мақсаты – өз имиджіне нұсқан келтірмеу.

“Бұрынғы тиiстi министрліктер мен ведомстволар, яғни МГМ, БҚА және ТМРА “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” АҚ және операторлар – мұнай өнiмдерi ресурстарын ұстаушылармен бірлесе отырып, Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығын қолдан жасап отырғандай әсер қалдырады”, – деп түйiндедi ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз