Доллардың долбары қандай болады?

0
68

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі курс доллары қандай болатынын айтты

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов долларға қатысты теңге бағамының ауытқуына қатысты мәлімдеме жасады.

Доллардың долбары қандай болады?“Бүгінгі таңда Ұлттық банктің бағамның 185 теңгеден +/- 3 теңге 185 теңгеге +3/-15 теңгеге дейін ауытқу дәлізінің кеңеюіне қатысты әлеуетті шаралары қызу талқылануда. Бұл жаңалыққа қатысты мәлімдеме жасау мүмкіндігі бүгін ғана пайда болды”, – деп жазды О.Құдайбергенов “Фейсбук” әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Оның болжамына қарағанда, доллар бағамы 179-182 теңге шамасында болады.

“2010 жылы ақпанда болған тәжірибені мысал ретінде алуға болады. Девальвациядан бір жыл өткен соң Ұлттық банк 150 теңге +/-3% дәлізінен 150 теңге +10%/-15% (+15 теңге/-22,5 теңге) дәлізіне өту шешімін қабылдады. Дәліздің кеңдігіне қарамастан 1 долларға шаққандағы теңге бағамы 146-147 теңге болып бекіді. Өткен тәжірибе мен бүгінгі жағдайды саралай келе, бүгінде бағам 179-182 теңге шамасында болады деп ойлаймын”, – деді сарапшы.

Сондай-ақ О.Құдайбергенов ресейлік рубльге қатысты мәлімдеме жасады.

“Теңгеге деген қысым қайдан басталатынын түсіндіру үшін толық жасайын. Ағымдағы жылдың ақпанындағы девальвация кезінде 1 доллардың құны шамамен 36,5 рубльді құрады. 20%-ды есептесек 43,8 болады. Осы бағамға жақындаған сайын, теңгеге деген қысым көбейеді. Алайда, дұрысы номиналдық бағам емес, нақты бағам. Былайша айтқанда, Ресейде қазір инфляция белсенді бола түсті – бұл инфляция рубльдің құлдырауын қалыпқа келтіріп, теңгеге деген қысымды жеңілдетеді. Басқаша айтқанда, рубль бойынша 20-пайыздық құлдырауға инфляцияны алып тастау арқылы қарау керек, яғни нақты ауыстыру бағамы, сыни межел 43,8 емес, әрі қарай болады”, – деді ол.

“Ресей – жалғыз сауда әріптесіміз емес екенін түсінуіміз керек. Сондықтан рубльдің өзгеруі жеткіліксіз. Мұндай өзгеріс кем дегенде сыртқы саудадағы 3-4 ірі әріптес елде болуы тиіс. Мұның барлығы келесі жылдың соңына дейін болуы екіталай, сондықтан рубль бойынша аздаған ауытқуға назар аударудың қажеті жоқ”, – деп түйді Ұлттық банк өкілі.

Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі бұл мәлімдеме Ұлттық банктің ресми ұстанымы емес, өзінің жеке пікірі екенін атап өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз