Есімовтің шоудан өзге шаруасы жоқ па?!

0
450

Алматы әкімі Ахметжан Есімов “Алматы – менің алғашқы махаббатым” жыл сайынғы музыкалық ретро фестивалінде рояльда “Une Vie D’Amour” (Мәңгілік махаббат) композициясын орындады деп хабарлайды BNews.kz.

Есімовтің шоудан өзге шаруасы жоқ па?!.

Биылғы фестивальдің тақырыбы бүкіл әлемге танымал “Оскар” рәсімі болды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов “Алматы – менің алғашқы махаббатым” жыл сайынғы музыкалық ретро фестивалінде рояльда “Une Vie D’Amour” (Мәңгілік махаббат) композициясын орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Еске сала кетсек, кеше Алматы қаласында “Алматы – менің алғашқы махаббатым” фестивалі өтті. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткерлері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары фестивальдің қызыл кілемінде жарқыраған әдемі киімдерімен көзге түсті.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева фестивальдің дамуына зор үлес қосқан танымал өнер қайраткерлеріне мерейтойлық сыйлықтар – мүсіншелер табыстады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз