Зарина Дияс ғаламшардың ТОП-40 үздік теннисшілерінің қатарына енді

0
44

Әйелдер теннисі қауымдастығы ((WTA) ғаламшардың үздік теннисшілерінің рейтингісін жаңартты, деп хабарлады www.sports.kz.

Зарина Дияс ғаламшардың ТОП 40 үздік теннисшілерінің қатарына енді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингісінде бірден 8 позицияға көтеріліп, 40-шы орынға ие болды.

Өкінішке орай, Қазақстанның басқа өкілдері өздерінің позицияларын жоғалтты – Ярослава Шведова 63 орынға сырғыды, Галина Воскобоева 148-ші, ал Юлия Путинцева – 130 орыннан көрінді.

8 қыркүйектегі WTA рейтингісі:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) – 9430 ұпай
2 (3). Симона Халеп (Румыния) – 6310
3 (2). Ли На (Қытай) – 6170
4 (4). Петра Квитова (Чехия) – 5956
5 (5). Агнешка Радванска (Польша) – 5590
6 (6). Мария Шарапова (Ресей) – 5335
7 (7). Ангелика Кербер (Германия) – 4550
8 (8). Эжени Бушар (Канада) – 4405
9 (11). Ана Иванович (Сербия) – 4065
10 (9). Елена Янкович (Сербия) – 3695

40 (48). Зарина Дияс (Қазақстан) – 1087
63 (51). Ярослава Шведова (Қазақстан) – 1017
130 (129). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 438
148 (119). Галина Воскобоева (Қазақстан) – 483
195 (177). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) – 325.

inform.kz

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз