Атыраулық шенеуніктер Рысқалиевті дереу табуды талап етуде

0
67

Атырау облысының әкімдігі, Бергей Рысқалиевтің сыбайластарынан 30 миллиард теңге өндіріп алмақшы. Сот процесіне жәбірленуші ретінде қатысқан әкімдіктің заңгері осындай мәлімдеме жасады.

Атыраулық шенеуніктер Рысқалиевті дереу табуды талап етуде

Нақтырақ айтқанда,облыс әкімдігі өздерін елді-мекендерді газбен қамту, электр желілері мен құбырларын тарту және көпір салу мәселелері бойынша зардап шеккен тарап ретінде көрсетіп, осы іске қатысы бар 21 адамнан шығынды өтеуді талап етпек.Оның айтуынша, қазір айып тағылып, сот алдында жауап беріп жатқан 22 адамның 21-і осы қаржыны бөліп төлеуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ бұл айыпталушылардың наразылығын тудырып, олар әкімдіктен келген өкілге бас салды. Алайда қағазға жазып келгенін ғана оқып берген заңгер артық сұраққа жауап бермек түгілі, сол күйі жұмған ауызын ашқан жоқ.

Ал сотталушылар барлығын тақырға отырғызып, ақыр аяғында ізім-қайым жоғалған ағайынды Рысқалиевтердің не себепті бұл тізімде жоқ екенін түсінбей дал болуда.

“Сонда олардың бұл іске мүлдем қатысы жоқ па? Солардың келтірген залалының орнын неге біз толтыруымыз керек? Атырау облысының әкімдігі істің байыбына бармай, тіпті кейбір айыптауларға қатысы жоқ адамдарға қарсы талап-арыз беріп отыр. Бұл масқара ғой!”, – дейді айыпталушы айыпталушы Татьяна Шарыпкина.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз