Мәжіліс депутаттарының каникулы қысқартылады

0
44

Бүгін Мәжіліс депутаттары бесiншi сайланған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлеттiктерiн iске асырудың төртiншi сессияға арналған негiзгi iс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл туралы “Қазақпарат” хабарлайды. Жоспарда депутаттық каникул мерзімін қысқарту мәселесі де қамтылып отыр.
Мәжіліс депутаттарының каникулы қысқартылады

Еске сала кетейік, төртінші сессияны ашу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы қауырт жұмыстарға орай Парламентке депутаттық каникул мерзімін қысқартуды өтінген еді.

Мәжіліс вице-спикері Сергей Дьяченко төртінші сессиядағы жұмыс жоспарымен таныстыра отырып: “Заң шығару жұмысына қатысты Президенттің тапсырмасы жоспардың арнайы бірінші бөлімінде көрсетілген, оның ішінде депутаттық каникул мерзімін қысқарту мәселесі де қамтылып отыр”, – деді.

NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз