2017-жылдан бастап Қазақстанда жол-патрульдік полицейлер таяқ ұстамайтын болды. “Нұр Отан” партиясының кезекті жиынында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді.
Вице-премьердің айтуынша бұл шара жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынып отыр екен. Осылайша 2017-жылы таяқ ұстау құзіреті тек жол қозғалысын реттеуші полицейлерде ғана болмақ.
Оның өзі тек көліктерге бағыт нұсқау мақсатында ғана қолданылмақ.
“2017-ші жылға дейін полицейлер таяқ ұстамайтын болады. Бұл жүйеге тәртіп сақшылары кезең-кезеңімен көшетін болады. Ал көліктерге бақылау автопатрульдермен жүргізіледі”, – деді вице-премьер Бақытжан Сағынтаев.