Көшеде 34 жыл қайыр сұраған адам миллионер болып шықты

0
143

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінде “Пакет ата” есімді мүсәпір жарыса жазылуда. Кония қаласының көшелерін тоздырып, қайыршылықпен айналысқан атаға “Пакет ата” есімі киімінің орнына пакеттерді құрап кигені үшін берілген екен.

Түркияда көшеде 34 жыл қайыр сұраған адам миллионер болып шықты
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

75 жастағы “Пакет ата” өткен сенбі күні қаза тапты. Автобус қағып кеткен екен. Үстіне киген қаншама пакеттің арасынан тек бір тілім нан ғана шыққан. Ең қызығы, полиция қызметкерлері бұл қайыршының кім екенін зерттеу барысында оның миллионер біреу болып шыққанын анықтаған.

Мехмет Келеш есімді “Пакет атаның” екі банктен ашқан есепшотынан 1 миллион 100 мың лира ақшасы шыққан. Біздің теңгемен есептесек, 89 миллион 540 теңге.

Банктегілердің айтуынша, “Пакет ата” анда-санда бір кәстөм-шалбарын киіп банкке келіп ақша салып тұрады екен. Қаншама жылдар бойы тіленшіліктен осыншама ақша жинаған шал осылайша жұртты қайран қалдырды.

Мехмет Келеш Чорум қаласында екі рет үйленіпті. Алайда, екі әйелінен де баласы болмағандықтан, олардан ажырасып, көшеде қайыр сұрап кеткен. Бастапқыда Анкара, Ыстамбұл, Измир қалаларының көшелерінде жүреді. Бұл қалалардан кейін Кония қаласына келеді. Бұл қалада 34 жыл бойы көшеде өмір сүреді.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз