Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды

0
107

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды
Мейрам Смағұлов

Белгілі болғандай, Мейрам Смағұлов күдікті ретінде уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұдан бұрын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Мейрам Смағұловтың үстінен ҚР ҚК 307 бабы бойынша (қызметтік лауазымын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғаған.

Смағұлов Қарағанды әкімі кезінде өз үйіне “Қолжетімді баспана” мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салған “ЮТЭКС” компаниясының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Алдын ала бағалау бойынша, жөндеу жұмыстарына 5 млн теңге жаратылған.

Мейрам Смағұлов 2012 жылдың қазанында Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалған еді. 2014 жылғы маусымда өз өтінішімен отставкаға кетті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз