Көк туды іш киімге бейнелегендер жазалануы тиіс!!!

0
70

Судағы поло спортынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшыларымыз финалдық ойында Жапония құрамасынан 7:6 есебімен басым түсті. Кездесуде Александр Аксенов 3 доп, ал оның командаласы Владимир Ушаков 2 доп соқты, Сергей Губарев пен Алексей Шмидердің есебінде 1 ұпайдан бар. Күміс жапондарда, ал Қытай құрамасы 3-орынды қанағат тұтты.
Естеріңізде болса, қазақстандықтар 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да тұғыр биігіне көтерілген болатын. Сөйтіп, спортшыларымыз бұл жолы чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Команда ойыншылары: Мәдихан Махметов, Сергей Губарев, Александр Аксенов, Роман Пилипенко, Владимир Ушаков, Алексей Шмидер, Мұрат Шәкенов, Антон Коляденко, Рүстем Үкіманов, Андрей Рекечинский, Алексей Панфили, Бранко Пекович және Александр Федоров.
Дәл осы спорт спорт түрінен Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль иеленген болатын.
Тақиямызды аспанға атып қуандық. Тек, бір әттеген-айы – жігіттер киген іш киімге көңілдің толмағандығы. Бұл олқылықтың орны толар деген үмітіміз де жоқ емес, әрине.

BNews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз