Бибігүл Төлегенова ма, әлде Қайрат Нұртас па?!. Қазаққа қайсысы жақын?!.

2
137

Даудың басы халық әртісі Бибігүл Төлегенованың Қайрат Нұртасты мойындамаймын деп айтуынан шығып отыр. КСРО-ның халық әртісі мен жас этсрадашының қайсысы мықты деген әңгіме бүгін ғаламторды жаулап алды. Расында да, қадірлі оқырман, сіз қалай ойлайсыз? Бибігүл Төлегенованың айтқаны орынды ма? Әлде, Қайрат Нұртас қазаққа қажетті әнші ме?

2 ПІКІРЛЕР

  1. Бибігүл Төлегенова әрине қазақтың даңқты өнер майталманы, КСРО-ның халық әртісі. Бірақта бұл құрметтер біреудің өнерін менсінбеуге жол бермейді. Ұнатпаса тыңдамасын ешкім құлақшаны (наушник) құлағына іліп қойған жоққой? Қайрат Нұртас осы күнгі қазақтың сүйікті Ерке ұлына айналуына оның өнері себепші емес пе? Бибігүл апамыз: даусының диапазоны жоқ дейді. Оның қажеті не? Бұрынғы Ақан сері, Біржан салдар диапазон өлшеп жүріппе? әрбір ауылды аралап Қазақтың көңілін тапқан жоқпа? міне Қайрат Нұртас бүгінгінің СЕРІсі ағайын… Жастарды көтермелеудің орнына артынан ашық түрде ӨСЕК айту осыншалықты Құрметті кісілер үшін ұят нәрсе!

  2. Бибігүл апайдың өте дұрыс. Қәзір өнер ойыншық болып кетті. Жұрттың бәрі әнші болып кетті. Екіден, үштен, төрттен қосылып алып “жұлдыз” болып жүргендер. Қай каналды ашып қалсаң да әншілердің конкурсы, не балалар, не үлкендер конкурсы. Бұл не, қоғамымыздың мақсаты бәрін әнші қылу ма! Халқымыздың жартысы әнші, жартысы милиция болса, сонда жұмысты кім істейді?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз