Министр төрткүндік жұмыс аптасының Қазақстанға қатысы болмайтынын жеткізді

0
36

Төрткүндік жұмыс аптасының Қазақстанға қатысы болмайды,Tengrinews.kz тілшісіне Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осындай пікір білдірді.

Министр төрткүндік жұмыс аптасының Қазақстанға қатысы болмайтынын жеткізді

“Тұтас алғанда, ол жұмыс аптасын қысқартуға емес, жеке еңбекпен қамту көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бір бөлігі төрт күн жұмыс істеп, кейінгі үш күнді басқа бөлігі өтейді. Осылайша жеке еңбекпен қамту көлемі ұлғаяды. Бірақ бүгінде оның бізге қатысы болмайды деп ойлаймын”, – деді министр Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының төрткүндік жұмыс аптасына көшу туралы бастамасына қатысты ойын білдіріп.

“Бізде жұмыссыздық бар, бірақ біз сәл басқа мәселемен – азаматтарды өнімді еңбекпен қамтуға тартумен айналысамыз. Бізде еңбекпен қамтуға мүмкіндік бар, қазір бізге ең бастысы – еңбек ресурстарының сапасын арттыру”, – деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін БҰҰ сайтында Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының төрткүндік жұмыс аптасына көшу туралы ұсынысы жарияланған болатын. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі заманда көптеген ауру түрі артық жұмыс істеудің салдарынан болатындықтан, бұл бастама халық денсаулығын түзеуге мүмкіндік береді.

Бұл жаңалықтан кейін Қазақстандағы банктердің бірі қызметкерлерін төрткүндік жұмыс аптасына көшірді.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев та 4 күндік жұмыс уақытына ауысуға әлі ерте деген пікірде.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ол “4 күндік жұмыс уақытына ауысу Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы болатын. Бірақ менің ойымша дамып келе жатқан ел ретінде 4 күндік жұмыс уақытына ауысу бізге əлі ерте. Сондықтан біз Еңбек туралы кодексте белгіленген 8 сағаттан 5 күн жұмыс уақытымен жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. Өйткені ол мемлекет үшін де, жеке компаниялар үшін де тиімді, – деп атап өтті.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз