Қытайлықтар қазақ қыздарынан ұрпақ таратқысы келеді

0
83

Үш жүз мың қазақ қыздарының қытайлыққа тұрмысқа шыққанын естігенде, жүрегіме қанжар қадалғандай болды. Кеше Қытайға тұрмысқа шығыудан қорқып Қазақстанға келген қыздардың бірі мен едім-ғой, Қытайға барсаң да қытайлықтардың қолтығында жүрген қазақ қыздары, қазақстанға келсең одан да сорақы, қытай әйелінің үстіне әйел болған қыздар. Осы кезде мына бір жағдай есіме түседі. 2010 жылы бір фермада аудармашы болып жұмысқа тұрғанмын. Бірінші күнім бастықсымақ бір қытай қасындағы қазаққа (Қазақстандық) әйел тауып беруді өтінді, мен аударып отырмын, қорғас аймағында (Қытайдың) баласы және әйелі анасы қалған екен. Мұнда оған керек қызға қойылатын талаптары: ең бастысы тұрмысы төмен, жас, бала туудан қорықпайтын әдемі болу керек. Неткен арсыздық, сол күні жұмыстан өз еркіммен кеттім, ал әлгі қазағы жиен қарындастарын ауылдастарын еске алып қытайға таныстырып отыр. Қытай болмаймын деп жүріп сәл болмағанда қытайға “жеңгетай” болып қала жаздадым. Өзіңіз ойлап қараңыз, сол қытайлық осыннан әйел алды дейік, бес баласы болсын ауылында қалған біреуімен алтау, әйелін есепке алмағанда жеті қытай… Қазақстанда жүрген 300 мың қытайды жетіге көбейтіңіз… Бұл тек Алматыдағы көрсеткіш деп қарасақ, Семей, Өскемен, Астана облыстарының бәрінде бар. Сонда біз кімге құшақ ашып отырмыз?!

Айгүл Қажыбек

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз