Ислам Кәрімов ТМД саммиттерінің қазіргі кейпін пиар деп атады

0
48

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ТМД-ның мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттерінің қазіргі түрі пиардан басқа түк емес деп есептейді және Достастық жұмысының келешегі туралы талқылауға шақырады. Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Ислам Кәрімов ТМД саммиттерінің қазіргі кейпін пиар деп атады
Фото: forbes.kz

Кәрімов ТМД-ны одан әрі дамыту перспективалары туралы ашық талқылайтын кез жеткенін айтқан Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзін еске салды. “

“ТМД-ға байланысты осы мәселелерді бүгінгі талқылағанымыз біздің ол мәселелерге босқа мән бермейтінімізді тағы бір көрсетті деп есептеймін. Мен өткен жолы да осы жерде отырып айтқанмын, осылайша бұл процестер одан әрі жалғасады, біз осындай кезекті саммит отырыстарына, осында және басқа елдерге бара береміз деп есептеу, меніңше, пиар ғана, басқа түк емес. Сондықтан мен осы мәселелерді, әсіресе, ТМД-ның келешегін салмақты түрде талқылау керек деп есептейтін көптеген әріптесімнің пікіріне қосыламын”, – деді Өзбекстан президенті ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

Еске сала кетейік, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасауды ұсынған болатын.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз