Бапкері ұрып жаттықтырған гимнастшы қыз жеңімпаз атанды

0
58

Атышулы бейнежазбада бапкерінен ұрыс естіп, таяқ жеген қыз бала көркем гимнастика бойынша қала біріншілігінде жүлделі орынға ие болды. “Қаланың ашық біріншілігі” атты жарыс 9-10 қазан күндері өткен болатын.

Бапкері ұрып жаттықтырған гимнастшы қыз жеңімпаз атанды
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Федерация өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы оның аты-жөнін жария еткісі келмейді және бапкерге ешқандай кінә артпайды. Қазір істі Алматы прокуратурасы қарап жатыр. Бапкер спорт мектебіндегі жұмысынан шеттетілді.

Еске сала кетейік, интернетте көркем гимнастикадан кішкентай қыздар тобының спорт жаттығуы түсірілген видео пайда болған еді.

Таспада бапкер әйелдің кішкентай қызға қатты жекігені және оны басынан, мойны мен арқасынан бірнеше рет ұрғаны көрініп тұр. Видеода оқиғаның Алматыдағы Жарылғапов атындағы спорт кешенінде болғаны жазылған.

Бейнежазба  авторының айтуынша, бапкер осындай әдіспен “чемпиондарды тәрбиелейді және ата-аналар оны біледі”.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті бейнежазбаны тексеріп, тиісті шара қолданатынын хабарлады. Қазақстан көркем гимнастика федерациясы спорт мектебінде тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. Видеодағы қыз бала бапкер әйелдің туысы болып шықты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз