Есірткі сатқан молда ұсталды

0
361

Тәжікстанның есірткіні бақылау агенттігі қызметкерлері Қорған төбе қаласында «Абубакри Сиддик» мешітінің 36 жастағы имам- хатыбын заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайдыBNews.kz АА Душанбедегі тілшісі.

Тәжікстанның есірткіге қарсы ведомствосы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Хушнуда Рахматуллоеваның айтуынша одан 4 қорапша мен қоңыр түсті зат салынған целлофан пакеті табылған. «Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың апиын екені анықталды. Есірткі сатқан дін қызметкері өзі де оны қолданатыны белгілі болды», – деді ол.

Бұл факті бойынша тағы екі адам ұсталды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

bnews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз