Астана тұрғыны перзентханада ауысып кеткен баласымен 20 жылдан кейін қауышты

0
51

Астана қаласының тұрғыны Жанат Ахметова перзентханада ауыстырып алған баласымен арада 20 жыл өтіп қауышыпты.Астана тұрғыны перзентханада ауысып кеткен баласымен 20 жылдан кейін қауышыпты

Қостанай облысы, Жангелді ауданы ақ халаттыларының қателігінен ана 20 жыл бойы туа бітті сал ауруына шалдыққан бөтен баланы бағып-қаққан.

Акушерлер әкелген баланың туған емес екендігін Жанат сезгенімен, перзентхана қызметкерлері “сәби сенікі” деуден тайынбапты. Бауыр еті баласын іздеуін тоқтатпаған ана ақыры шындыққа қол жеткізді.

Өзге ұлт босағасында жүрген бойжеткеннің Жанат Ахметованың қызы екендігін арнайы сараптама растап отыр.

“Осы меңді көрдім. Бұл бала уызын ішіп кетті. Сол күні түнде еміздім. Келесі күні маған Гүлнафизді алып келді. Екінші қызды. Гүлнафиз, кімдер жақсы көріп “анашым” деп жатады, мен олай істей алмаймын. Сөйтсем енді түсіндім, мейірім көрмегенсін, мен де мейірім шаша алмай жүр екем”, – дейді әйел.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз