ОРАЛМАНДАРДЫҢ ҮЙІН БҰЗДЫРУ – КУЛАГИННІҢ ЕЛБАСЫ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ШЫҒУЫ!!!

19
45

Моңғолиядан көшіп келген ағайынның наразылыққа шығуына Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің “заңсыз баспаналар сүрілсін” деген бұйрығы себеп.

Жоғарыдан келген тапсырманы бұлжытпай орындауға кіріскен жергілікті билік кешеден бері 11 үйді трактормен күреп тастаған. Алайда, аудан әкімінің кеңесшісі әкімдікке келген халықпен тілдеспек түгілі, қымбат көлігімен таптап кете жаздады.
Он жылдан бері жерлерін заңдастыра алмай жүрген қандастарымыздың айтуларынша, жергілікті билік 2005 жылдары әр отбасыға 8-10 жүздік жерден бөліп, қазық қағып, үй салуға рұқсат қағаздарын берген. Алайда, облыс басшысымен бірге, аудан, ауыл әкімдері түгел өзгеретін Қояндыда содан бері әкім жеті рет ауысып, Моңғолиядан көшіп келген 500 түтін оралман мемлекеттік актісін ала алмай келеді екен.

“Бір әкім бір әкімнің айтқандарын жоққа шығарады. Соны мойындамайды. Сонда Қоянды халқы қалай өмір сүреді. Қазықты өзіміз қазып алған жоқпыз ғой”, – дейді Қоянды ауылының тұрғыны Мәлік Баянбай.

Алайда, барар жері жоқ ағайын заңдастырылмаған жерге баспана тұрғызып, он жылдан бері тұрып келеді екен. Енді жер дауына жаңа келген Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин араласып, бізді қудалау басталды дейді оралмандар.

Айтуларынша, жоғарыдан келген бұйрықты орындауға кіріскен Қояндының су жаңа әкімі халықпен таныспастан, құжаттарын көрместен кешеден бері 11 үйді күреп тастаған.

Жұртқа үйлерінің күрелетінін шұқып айтып жүрген Целиноград ауданы әкімінің кеңесшісі міне қымбат көлігімен әкімдік алдына жиналған халыққа жақындады. Алайда, ұлтарақтай жер үшін бәріне әзірміз деген халықтан шошынды ма, тоқтатпақ болған халықты таптап кетуге шақ қалып, көлігінен түспестен, қашып кетті.

Жергілікті биліктен көңілдері қалған оралмандар, 10 жылға созылған жер дауынан шаршадық дейді. Шетелден еліміз деп келгенде шенділердің бұлайша қудалап жатуының себебін түсінбедік деп ашынады.

Мұндағы қазақты қуғындау ма шетелдегі өзге қазақты дүрліктіру ме түсінбейміз. 10 жыл бойы жер дауы бітпеуі сұмдық қой. Астананың түбіндегі даудың осы дәрежеге жетікенін түсінбеймін, білмеймін.

Ал көңілі қалған оралмандар егер баспанамызды күреп тастайтын болса, Қазақстаннан шетелге қайтадан қоныс аударамыз деп отыр.

Источник: 31 канал

19 ПІКІРЛЕР

  1. Негізінде заңды түрде жердің иесі болмаған адам ол жерге қалайша баспана тұрғызады, осы сауал мені қатты ойлантады? Оралман бауырларымызға жер тегін беріліп, көмек жасалып, жағдайларына жеңілдіктер қарастырылып отыр ғой мемлекет тарапынан. Заң бәріне бірдей. Сондықтан бай бол, кедей бол, қазақ бол, өзге ұлт бол, шетелден кел – бәріне ортақ болуы тиіс.

  2. Анық көрініп тұрмайма, елбасы сырттағы қазақты әкеле алмай жатса, бұл үйін бұзып, қуалап жатыр.

  3. Кулагинды қойшы жаны ашымағандығы ол кәпірғой, анау ақылшысы дейма, кеңесшісі дейма, қазақта намыс жоқ екен.

  4. Қояндының кез келген тұрғынымен сөйлессең осы жер дауын айтып жыларман болады, осыны шешіп беретін, халық сөзін ұстайтын бір адам болса ғой.

  5. Өмір сұру қайда болсада қиын жағдай,оларды қинап үйсіз қалдырғандары дұрыс болмапты.

  6. Сол ауылда тұрады туысқандар, не жолы жасалмаған, оны қойшы жалаңаш қолымен салған үйлерін құлатып жатқаны қандай істен хабар беретінін түсінбедім.

  7. Ақ орданың түбінен мұндай қыр көрсетіп жатса басқа жақта болса не істер екен мыналар.

  8. Анау қазақ азаматының істеп жүргені не тірлік, халықтан мінген қымбат көлігімен халықты басып өлтіріп кете жаздап жүр.

  9. Кулагиннің бұл қылығы дұрыс болмаған екен, оралман болса да қандастарымыз емес пе, бізден жылы шырай күтеді

  10. Қандастарымыздың елден кеткенін емес келуін қамтамасыз етуіміз керек

  11. Оралмандар үшін құжат жасау өте қиын. Ол жақтан кету, елге келіп қайта құжат жасау үлкен шарау. Сондықтан біз оларды ары итеріп тастамай көмек бергеніміз жөн.

  12. Әкім кеңесшісі адамды басудан да тайынбайтын секілді. Соншама қашқанша жағдайды халыққа түсіндірсе болады ғой. Халық өте ашынып отыр, соңына дейін барудан тайынбайтыны анық

  13. Елордамыздың түбінде осындай нәрсе болып жатса, басқа өлкелерде не болып жатыр екен? Ойлаудың өзі қорқынышты

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз