Әбілязовқа миллиондаған қаржыны алып кетуге кім көмектесті?!.

0
36

 

Мұхтар Әблязовтың балдызы Сырым Шалабаевқа қатысты қылмыстық іс тергелуде. Әзірге құзырлы орындар тергеу амалдарына қандай да бір қысым жасалмауы үшін күдікті туралы деректерді нақты жариялаған жоқ деп хабарлайдыКТК арнасы.

Әбілязовқа миллиондаған долларды алып кетуге балдызы көмектескен
Сырым Шалабаев Атырауда жалған құжат жасатқан деп айыпталған еді. Нақтылап айтар болсақ,  Сырым Шалабаевт ағайынды Рысқалиевтерге жасырын құжат жасап, елден қашып кетуіне көмектескен деген дерек бар.

Осы іс бойынша былтыр Көші-қон полициясының қызметкерлері бар жалпы саны 7 адам сотталған.

Сондай-ақ, жездесі БТА-банкі оқиғасына соң  Лондонға қашып кеткенде, Сырым Әбілязовтың жасырын активтерімен айналысып, шаруасын дөңгелетіп отырған.

Бүгінде  жездесінің артынан шекара асып үлгерген Шалабаевтың өзі әлі күнге халықаралық іздеуде жүр. 2011 жылы Лондон Жоғарғы соты да оны сотты сыйламағаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз