Мәдениет министрі Атырау облысының әкіміне қарсы…

0
339

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы облыс әкімдеріне өкпелі. Ол аймақ басшыларының “өзара” футболдан жарысатынын құптаған жоқ.

Министр
Бұл туралы bnews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы мен Инчхондағы жазғы Азия ойындарын қорытындылауға арналған жиында Атырау облысы спорт басқармасы басшысының баяндамасын министр бұзып жіберді.

“Менің бір сұрағым бар, Атырау облысы бойынша спортқа бөлінген барлық қаржының 67%-ы футболға арналады екен!? Ақшаның бәрін футболға жіберсеңіздер, әрине, басқа спорт түрі ақсайды. Сіздер сияқты, Ақтөбе облысы да қаржының көп бөлігін футболға жұмсайды. Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облысының Спорт басқармалары жағдайды түземесеңіздер, бөлінген ақшаны футболға ғана жұмсайтын болсаңыздар, әкімдеріңізге айта барыңыздар!”,- деді  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр бұл сұрақты премьер-министрдің, керек болса, тіпті елбасының алдына шығарамын деп қорқытты.

“Бізде әкімдер футболдан жарыс ұйымдастыруға құмар. Отырып алады да, “менің командам ұтты. Сенің командаң ұтылды” деп жарысады. Футболға ақша қалай бөлінсе, спорттың басқа салаларына да сондай қаржы бөлінуі керек. Әкімдеріңізбен келісіп, тиісті шара қолданбасаңыздар, бұл сұрақты мемлекет басшысының алдына шығарамыз”, – деді министр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз