Халықтың зейнетақы қаржысы несие қайтаруы күмәнді Ресей банкіне не үшін беріліп отыр?

0
45

БЖЗҚ Зейнетақы активтерін басқару «Ақ жол» партиясының сұрақтарын тудырады – бұл туралы кеше Мәжілістің пленарлық отырысында Азат Перуашев мәлім етті.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.Қ.Мәсімов мырзаға, 

                                               Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

                                                                                                 К.Н. Келімбетов мырзаға

 

 Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Құрметті Қайрат Нематұлы!

Былтырғы жылы Қазақстанда үлкен қоғамдық резонанс тудырған зейнеткерлік реформа жүргізілгені белгілі. Естеріңізге сала кетсек, депутаттардың бір қатары, соның ішінде «Ақ жол» фракциясынан, 2013 жылдың 24 сәуіріндегі дауыс беруде Үкімет пен Ұлттық банкиен ұсынылған заң жобасын қолдамаған еді.

Реформаның басты  дәлелі ретінде біздің азаматтардың зейнетақы қорларын сақтау туралы, сонымен қатар бұл жинақтарды жеке зейнетақы қорларының  бақылаусыз «жеуі» туралы мәлімдеме жасалынды.

Нәтижесінде барлық жинақтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ)  біріктірілді, оның жалғыз акционері Үкімет болып табылады, ал зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақылық жинақ сомасы 4 трлн 318 млрд.теңгені құрайды.

Алайда, алғашқы нәтижелер көрсеткендей, зейнетақы қорларының нарығындағы бәсекелестіктің  жойылуы мен оның мемлекеттендірілуі, азаматтардың салымдарының сақталуын кепілдендіруде жағдайдың түзелуіне  жеткізе алған  жоқ.

Онымен қоса, БЖЗҚ-ның зейнетақылық активтерді басқару бойынша кей әрекеттері тек пайдалылық жағынан ғана емес, сонымен қатар олардың негізділігі,  айқындылығы және тіпті ұлттық экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан да мәселелер туғызады.

Мәселен, азаматтардың зейнеткерлік  салымдарын инвестициялаудың негізгі құралдарының бірі БҰЗҚ активтерін депозиттерге және екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздарына орналастыру болып табылады. Ғаламтор мен БАҚ-та бұл үрдістің барысы жариялана бастады.  Қисын бойынша, мұндай орналастырулар банктің тартылған қаражатты қайтарып беру қабілетін, бұл банктердің өз капиталын есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.

Бірақ көптеген жағдайларда БЖЗҚ-на салынған зейнетақы активтерінің сомасы банктердің өз капиталынан едәуір асып түседі, ал бұл дегеніңіз, қайтарылмаудың тікелей қаупін туғызады. Бұл тәуекелдіктің қаржы нарығындағы болып жатқан құбылмалық пен тұрақсыздықты есепке алсақ, өзектілігі арта түседі.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі ашық дерек  көздерінің мәліметтері бойынша нақты мысалдар келтірейік:

– мәселен, Еуразиялық банк, өз капиталы  61 млрд.теңге болғанда,  БЖЗҚ-тан  34 млрд депозит алды және облигациялар есебінен  44 млрд тағы тартты. Осылайша, БЖЗҚ-нан алынған жалпы қаражат сомасы  78 млрд.теңгені құрайды, бұл банктің өз капиталынан  22%-ға асып түседі.

– Каспий банкі, өз капиталы  98 млрд.теңге болғанда, азаматтардың зейнеткерлік жинақтарынан 169 млрд.теңге тартты, яғни бұл өз қаражатынан 42%  артық.

– Альянс және Темір банктерінің тобы, өзініңминус 54 млрд теріс капиталы кезінде, БЖЗҚ-нан 39 млрд теңге алды.

– АТФ банкі, өзінің 72 млрд қаражатына, 101 млрд халық ақшасын алды, яғни бұл талап ету бойынша қайтарылатын ақшадан 29%-ға артық.

Ал, бұл банктердің барлығында да өзге міндеттемелері мен өзге де салымшылары бар, олар да, қолайсыз жағдайда капиталдың өз бөлігіне үміттене алады.

Дұрыс мағынасында, мұндай салымдарды қарапайым азаматтар есебінен банктерге жасалған игі қайырымдылық деп атауға болар еді. Бұл тұста банктердің өздерінің  несиелендіру мен сервис бағасы мұндай жомарттықпен ерекшеленбейтінін баса айту керек.

Сондай-ақ «Болашақ пайдалылық» пен инвестициялық болжамдарға сілтемелердің дәлелі аз, себебі келтірілген тізімде тұтынушылық несиелеуде көшбасшы болып табылатын банктер бар. Несиелеудің бұл түрі, кепілзатсыз несие болып табылатыны белгілі, сондықтан қарыз алушылардың төлеу қабілеті жиі  мәселелер туғызады. Оның жалғыз артықшылығы шұғыл өсім болып табылады, бірақ ол да үлкен қауіп тудырады. Банктік  несиелеу саласының тұрақтылығына қауіп-қатер төндіретін бұл сектордағы жағдай туралы «Ақ жол» фракциясы бұрын да бірнеше рет мәселе көтерген болатын.

Бірыңғай зейнетақы қорының біздің азаматтардың жинақтарын осындай күмәнді салымдарға бөлуі қаншалықты негізді?

Әсіресе БЖЗҚ қаражатының Ресейлік Жинақбанкіне бөлінгені де көп сұрақтар тудырады, сондай-ақ ол сома да қазақстандық активтерден асып түседі: өзінің 130 млрд. теңгесі кезінде бұл Жинақбанкі 152 млрд ақша алды. Және бұл жұрттың бәріне белгілі көрші Ресейдің күрделі экономикалық жағдайы кезінде жасалып отыр.  

Егер, қазақстандық банктерде қауіпті салымдар бар екенін ұлттық қаржылық жүйе туралы қамқорлықпен түсіндіруге тырысу мүмкіндігі болса, ал біздің азаматтар есебінен шетелдік банктерді қолдау, әрі оны осындай жағдайларда қолдау өте ыңғайсыз мәселелер тудырады. Мәселен, Қазақстандағы болашақ зейнеткерлердің жинақтары БЖЗҚ салымшыларының  мүдделеріне ғана емес, Ресей экономикасының бүгінгі мәселелерін шешу үшін Ресейлік банкпен пайдаланылу мүмкіндігінен қаншалықты қорғалған?

Мұндай шешімдер қалай қабылданды? Егер осыдан бір жыл бұрын Ұлттық банк жеке ҰЗҚ инвестициялық қызметтерін ашық емес және  тиімсіз деп айыптаса, онда неге дәл осындай проблемалар  мемлекеттік қорда да пайда болды?

Бұл «Ақ жол» фракциясының БЖЗҚ-ның зейнеткерлік жинақтарын басқару бойынша кінә қоюларының бір бөлігі ғана.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы қазақстандық азаматтардың зейнеткерлік жинақтарының сақталуы мен Қор жұмысының  ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жалғыз БҰЗҚ акционерімен және Ұлттық банкпен қабылданатын шаралар туралы хабарлауды сұрайды.

Құрметпен,  

«Ақ жол» партиясының депутаттары     

  Qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз