Қояндыда жер дауы басылмай тұр, Кулагин неге үнсіз отыр?!.

1
66

Бүгін Астананың іргесіндегі Қоянды ауылына кіреберістегі даулы аумаққа негізінен Қытай мен Моңғолиядан қоныс аударып келген қазақтар үй сала бастады.

Астана іргесіндегі даулы жерге оралмандар үй сала бастады
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Үй салып жатқандар жерді 2013 жылы бір әйелден сатып алғандарын айтады.

“Былтыр ондаған отбасының әрқайсысы әлгі әйелге бес мың, жеті жарым АҚШ долларын беріп, жерді сатып алдық. Ол бізге фотосуреттен сегіз гектар жердің мемлекеттік актісін көрсеткен болатын. Жер телімдеріміздің құжаттарын кейін беремін деген. Бірақ сол күйі құжаттарды бермеді. Кейін біз ол әйелді сотқа бердік. Тіпті болмаған соң үй сала бастадық” дейді бұл ауылға Қарағанды облысынан көшіп келген Мұратбек Тұрымхан.

Үй салуды бастаған тұрғындарға барған Қоянды ауылының әкімі Алтынай Мерханқызы жекеменшік бір мекеменің иелігіндегі бұл жерге өз бетінше үй салудың заңсыз екенін ескерткен.

Еске сала кетейік, Астана маңындағы Қоянды ауылында жер дауы басылмай тұр. Жерді даулаған тұрғындарды Целиноград ауданы әкімінің кеңесшісі Қайрат Ахметов көлігімен таптай жаздаған еді.

Осыдан соң, Ақмола облысының басшылығы Қайрат Ахметовті қолдапАстанада баспасөз мәслихатын өткізді. Алайда, тұрғындардың дауы Парламентке жетіп, олар өз жерлерін қайтарып, аудан әкімінің кеңесшісін қызметтен кетіру туралы ойларымен бөлісті.

Осы іске әлі күнге дейін араласпай Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қайда қарап отыр?!. Әлде, халықтың жанайқайы оған әсер етпей ме? Тиісті мекемелерге бұйрық беріп, шет елден келген қандастарымыздың жағдайын жасауға неге құлықсыз болып отыр? Бұл сұрақтарды арнайы ресми сауал етіп Ақмола облысының әкіміне жібердік. Алдағы уақытта берген жауабын жариялайтын боламыз.

1 Пікір

  1. Дауға себепкер алаяқ ұсталды, ол биліктің атын жамылып жерлерді сатып жүрді. Негізі бұл жерде оралмандардың өзі кінәлі, қазіргі таңда қандай адам Астананың қасында жеңілдікпен жерді сатады!? алдымен, бәрін сұрастырғаны абзал еді! Заң бәрімізге-ортақ!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз