Ресей 2020 жылға дейін Байқоңырдан 70 зымыран ұшырмақ

0
49

Ресей 2020 жылға дейін “Байқоңыр”-дан жетпіске жуық “Протон” ұшыруды жоспарлап отыр. Ал гептилмен ұшатын ракеталардан “Ангара” комплексі тапсырылғанда ғана бас тартпақ.

Ресей 2020 жылға дейін Байқоңырдан 70 зымыран ұшырмақ
Бұл туралы “Роскосмос”-тың басшысы Олег Остапенко “Байқоңыр”-да “Южный” ғарыш орталығы мамандарымен кездесуде мәлімдеді, – деп “Интерфакс” хабарлады.

Ресей ғарыш мекемесі басшысының айтуынша, ғарыш айлағындағы ұшырылымдардың қарқыны “гептилді” зымырандарды ұшыруды қысқарту тенденциясына байланысты бәсеңдеп отыр.

Десе де, “Протон” зымырандарынан бас тарту ойымыз жоқ, деді Остапенко. Ол зиянды отынмен ұшатын зымыраннан “Ангара” комплексі енгізілгенде ғана бас тартуға болады, деп санайды.

Ол Қазақстанмен арадағы келіссөздер барысында ғарыш айлағының келешек қызметі туралы жиі талқыланатынын айтты. Алайда, Қазақстан үкіметі 2013 жылдың 2 шілдесінде болған “Протон-М” апаты үшін Ресей тарапынан әлі күнге өтемақы алған жоқ.

Еске салайық, ГЛОНАСС спутниктері тиелген зымыран тасығыш көкке көтерілген бойда жерге құлады. Апат салдарынан қоршаған ортаға бірнеше тонна гептил төгілгені мәлім.

Табиғатқа келген шығынды Қазақстан 13 млрд 600 млн теңгеге бағалады. 24 қарашада екі ел үкіметі өкілдерінің “Байқоңыр” айлағы бойы

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз