Ақын Қазыбек Иса марапатталды (видео)

0
86

Қазақ ақынына Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығының Сергей Есенин атындағы «Алтын күз» медалі табыс етілді.

ҚР Ұлттық кітапханасында «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары – ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Исаны марапаттау рәсімі өтті.

Арнайы марапаттау үшін Мәскеуден Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығы атқару комитеті төрағасының орынбасары Владимир Середин келді.

Белгілі ақын Қазыбек Исаның «Керімсал», «Қызыл жыңғыл», «Тәтті шөл» жыр жинақтары жарық көрген.

Ақын лирикасында қазақ поэзиясының ерекшелігін айқындайтын өзіндік бағыты бар.

Дәурен ДАРИЯБЕК

kaztv.kaztrk.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз