Назарбаев терроризм туралы заңға қол қойды

0
92

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев терроризм туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Аталмыш заң бойынша, енді Қазақстанда сот шешімімен террористік деп танылған ұйымдар бірден жабылатын болады.

Ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану процедуралары жеңілдетіледі. Заңда террористік сипаттағы үгіттеу материалдарын таратқан интернет сайттары мен ақпарат құралдарын бұғаулау да қарастырылған.

Сонымен бірге мемлекет экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымның дүние-мүлкін тәркілейтін болады.

Заң бойынша, экстремистік немесе террористік қылмыстары үшін сотталып, жазаларын өтегендердің қаржылық операцияларына бақылау жүргізіледі.

Шетелге шыққан қазақстандықтарға экстремистік және террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертіледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз