Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы 155 миллиард АҚШ долларынан асып кеткенін жариялады. Бұл, шамамен есептегенде, еліміздегі әр тұрғынға 9100 доллардан келеді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстан Нидерланды корольдығына – 37,6 миллиард доллар қарыз.
Тізім бойынша, екінші кезекте Ұлыбритания тұр. Оған – 25,1 миллиард доллар берешекпіз. Келесі кезекте Қытайға – 15,9 миллиард доллар қарыз екенбіз.
АҚШ-қа – 11,3 миллиард доллар, Франция мемлекетіне – 9,3 миллиард доллар қарызымыз бар. Ал Ресей Федерациясына Қазақстан – 4,9 миллиард доллар берешек.