15 жылдан соң Қызылорда облысындағы мұнай таусылады

0
110

Қызылорда облысындағы негізгі кен орны Құмкөлдегі мұнай алдағы 10-15 жылда бітеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты.

15 жылдан соң Қызылорда облысындағы мұнай таусылады
Оның айтуынша, Құмкөлдегі мұнай қоры 126 млн тоннаны құрайды. Ал жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі – 10 млн тонна.

“Ең негізгі мұнай қоры Құмкөлде жатыр. Енді өздеріңіз санай беріңіздер, алдағы 10-15 жылда бұл мұнай қоры түгесіледі. Ал одан кейін не істейміз? Егер де біз бүгіннен бастап экономиканың құрылымын өзгертіп, оны барынша диверсификацияламасақ, онда өңір үлкен дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан, президент жариялаған индустриялық-инновациялық бағдарлама облысты дамытудың бірден бір жолы болмақ”, – деді Қырымбек Көшербаев.

Әкімнің пікірінше, осыған байланысты облыста бірқатар жоғары технологиялық жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, шыны табақшаларын өндіретін, “Smart Rubber” ЖШС резеңке төсеніш бұйымдарын шығаратын, Шиелі ауданында қиыршық тас өндіру зауыттары және “Аралтұз” АҚ өндірісін жаңғырту жобалары бар.

Сондай-ақ, әкімнің мәліметінше, ауыл шаруашылық саласын дамыту да қолға алынған. Бұл тұрғыда дәнді дақылдарды және бау-бақша өнімдерін өндіруге басымдық беріледі.

Источник: ҚазАқпарат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз