Депутаттар баланы 6 жастан мектепке беру мәселесін тағы сынады

0
45

Мен мектепке барамын. Кеңестік кезеңде талай шығармаға тақырып болған мәселе соңғы уақытта парламенттің күн тәртібінен түспейтін болды.

Депутаттар баланы 6 жастан мектепке беру мәселесін тағы сынады
Оқу жылы басталғанда кітап тапшылығы деп даурығып, маусым аяқталарда Ұлттық бірыңғай тестілеуден ши шығатыны рас деп хабарлайды 31 арна.

Енді оған баланы мектепке 6 жастан беру мәселесі қосылды. Бүгінде мектепке алты жастан беру мәселесі мәжіліс депутаттарының өзі талқылайтын деңгейге жетіп отыр.

“Менің балам қыркүйектің 19-і күні туылған. 6 жасынан барды. Ал 19 күннен кейін 7-ге толды. Мұндай жағдайды да ескеру керек”, – дейді  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев.

Дей тұрғанмен депутат мұны дабыралататын тақырып емес дейді. Білім министрлігі ұсынған жаңа заң жобасында осындай өзгерту енгізілген соң амалсыз талқылауға мәжбүр.

Министрлік өкілдері 12 жылдық жүйеге көшсек, 7 жастан барған шәкірт мектепті өзгелерден кеш бітіреді деп уайымдап отыр екен. Мұнымен келіскен мәжілісмендер басқа мәселені ортаға салды.

Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов 1-ші сыныпқа келетін жарты миллион баланы оқытатын орынның мектепте бар-жоғына алаңдайды.

Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев жыл соңындағы санақ пен жыл басындағы санақтың негізінде жасалған есеп әрдайым нақты көрсеткіш бола бермейді деп ақталды. Бұл жерде кеңес бергісі келген депутаттар қызды-қыздымен күштеп санақ жүргізуді ұсынды.

Тақырып қызықсыз болды ма, депутаттардың жартысы отырыс аяқталмай кетіп қалды. 2 сағатқа жуық талқыланған заң жобасын шикі деген депутаттар жұмыс тобында жалғастырамыз деп тарқасты.

Ал шыға қашқан вице-министр болса 6 жастан мектепке бару мәселесіне соншама шүйліккендерге таңданысын жасырмады. Шындап келгенде балалардың мәселесі өте жақсы. Балалар оқып жатыр, көрсеткішкер көрсетіп жатыр. Біз өзіміз осыны бір мәселе жасағымыз келеді.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз