Шығыс Қазақстан облысында әкім ауысады

0
58

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қазіргі қызметінен кетуі мүмкін.

БАҚ: Шығыс Қазақстан облысында әкім ауысады

Бұл туралы ҚазТАГ сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі 11 қараша күні қызметінен кетіп, Парламент сенатының депутаты болады деген сыбыс бар.

Белгілі болғандай, аймақтағы жаңа басшыны таныстыру үшін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Өскеменге барады.

Бүгін сағат 16:00-де облыстық мәслихаттың отырысы өтіп, депуттарға жаңа әкім таныстырылады.

Еске сала кетейік, Бердібек Сапарбаев 2009 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз