Өскеменде жол ақысын қашаңғы көтере бермек?!.

0
51

Өскеменде қоғамдық көліктер енді бизнес және эконом класс болып екі топқа бөлінуі мүмкін. Қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңесте осындай ұсыныс айтылып, қызу талқыға түсті.

Өскеменде қалталылар мен асыққандар үшін бизнес автобус пайда болды

Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Тосын мәлімдеменің айтылуы бекер емес. Тасымалдаушылар соңғы жарты жыл бойына бағаны қымбаттату туралы мәселе көтеруде. Содан жол ақысы қыркүйекте ғана 15 теңгеге жоғарылады. Енді тағы қымбаттатамыз деп шу шығарып жатыр.

Өскеменде қоғамдық көліктерге қатысты мәселе осы жылдың жазында басталған болатын. Тасымалдаушылар 60 теңгелік билетті 80-ге көтеруді сұрады. Бұл тым көп деп тапқан жергілікті билік жол ақысын 75 теңге болады деп бекітіп берді.

Алайда арада 3-4 ай өткенде бағаны қымбаттату жөніндегі мәселе қайта қозғалуда.

«Қазіргі баға тұрақты емес, жанармайға да жетпейді. 75 теңге, өсіру керек бағаны» , – дейді қоғамдық автобус жүргізушісі Талғат Қайырбаев.

Тұрғындар жолақының 75 теңге болғанына әлі күнге өкпелі. Ал автопарктер болса, оны тағы қымбаттатуға дәмелі. Мұның кімге де болмасын ұнамасы анық.

Осыны ескерген қоғамдық кеңес мүшелері мәселені шешудің басқа жолын ұсынып отыр. Олар Ресейдегі сияқты қоғамдық көлікті коммерциялық және әлеуметтік деп екіге бөлуді алға тартты.

«Жүзеге асса жақсы болады деп отырмыз. Тұрғындар да ұтады, тасымалдау ұжымы да ұтады деп отырмын», – дейді Өскемен қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Серік Оразбайұлы.

Эконом-класс яғни әлеуметтік автобус тасымалға сирек шығуы мүмкін. Ал қалталылар мен асыққандар үшін бизнес автобус мейлінше жиі қатынайтын болады. Бағасы да қымбатырақ. Алайда бұл тек болжам ғана. Қалай болғанда да негізгі тұтынушы халық бұған келісетін емес.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз