2014 жылдың әлсіз валюталар ондығына Қазақстан теңгесі енді

0
59

2014 жылдың РБК жасаған әлсіз валюталар тізімінде Қазақстан теңгесі сегізінші орында. Ал ең әлсіз валюталар болып, рубль мен гривень тіркелді.

2014 жылдың әлсіз валюталар ондығына Қазақстан теңгесі енді<br /><br />

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Рубльдің соңғы екі аптада күрт құнсыздануы тоқтайтын емес – тек қараша айында ғана доллардың бағамы ішкі ресейлік нарықта 24 пайызға өсті, валютаның бұл түрі күн сайын жаңа тарихи рекордтар орнатуда.

РБК Quote рубльдің басқа әлемдік валюталардың қасында қалай көрінетінін және өз ақша бірлігінің төмендеп жатқан сатып алушылық қабілеті жағдайында өмір сүріп отырған басқа елдердің бар-жоғын анықтауды шешті.

Девальвация қарқыны бойынша рубль тек гривеньге жол берді: биылғы жылдың басынан бері ресейлік валюта долларға шаққанда өз құнының 40 пайыздай үлесін жоғалтса, украиналық валюта – 46 пайыз үлесінен айырылды.

Ал теңге бұл тізімге ақпан айында болған девальвация салдарынан енген.

Қалған “әлсіз” валюталар көшбасшылардан алшақтау қашықтықта тұр: олардан кейін тұрған ганалық седи мен аргентиналық песо небәрі ширекке құнсызданды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз