Неге орамал тағып алғансың, намаз оқитын жігіт таптың ба?

0
650

Осы жылдың Рамазан айы болатын. Ауылға бардым. Шашым жалбырамай, ең болмағанда оразада етек-жеңімді жауып жүрейін деген оймен ұзын көйлек киіп, басыма орамал тағып барғанмын.
Бәрінің ойы: «Орамал тағып, хиджап киіп кетіпті». Тіпті мамам да: «Тұрмысқа шыққанша тақпай-ақ қойшы. Кейін не істесең де өзің білесің» деді.
Ал әжем болса: «Неге орамал тағып алғансың? Намаз оқитын жігіт таптың ба?» дейді бірден. Бәрінің ойы бір жерден шығып жатқанына ренжіп жүр ем, әжемнің мына сөзін естіп рахаттанып күліп алдым-ау.

Ата-әжелеріміз аман болсын!

Әсел Ережепова

Facebook-тегі парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз