КЕРЕКУДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН МАЗАҚ ҚЫЛЫП, БОҚТАУҒА КӨШТІ…

2
98

Әкімдер ауысса да,  қазақ тіліне деген көзқарас ауысқан жоқ…

14 қаңтар 2015 жыл. Халайық, бүгін мынадай масқара болды: трамваймен келе жатқанмын. Көзім “С новым 2015 годом” деген жазуға  түсті. Соңғы аялдама болатын, жүргізушіге: “Мынау заң бойынша қазақша жазылуы керек, не екі  тілде” дедім.  “Я русская, говори по-русски” деді. “Мен қазақпын” деуім мұң екен, “А-а, вас все знают, достали уже всех своим казахским языком, п…. отсюда, е….”, бір сөзбен айтқанда орыс боқтығының астында қалдым. Сондай стрессте болдым, түсе сала, трамвайдың алдына тұрдым да, олардың басқармасына қоңыраулаттым. Айттым, “мына қатынды алып кетпесеңдер, мен осылай тұрамын, мейлі басып кетсін, қазақ тілінде сөйлегенім үшін осындай сөздерді естігенімше”- дедім. Екі  айдай бұрын тағы осыған ұқсас оқиға болғанда, Рыбалко деген осындағы жұмысшылардың бастығына айтқам, “қайталанса сізді сотқа беремін” деп. Негізі 4-5 жыл болды, трамвай басқармасымен арыз жазысып отырғанымызға. Олардың 2010 жылдан бері  менде жиналған 20-дан аса  отпискаларында жазатыны: “үйретіп жатырмыз, бізді түсініңіз…” Әйтеуір, қазақ тілін әбден мазақ қылып, ақыры боқтауға (мүмкін, сосын соғуға да көшетін шығар) көшкен трамвай басқармасы маған полиция шақыртып тынды.

15 қаңтар 2015 жыл.  Жерлестер, ертең трамвай басқармасында, астындағы оқиғаға байланысты жиын өтеді, 10-30-да. Өздері звандады, мені соған шақырды. Қазақ тілін таптатқандарға наразы қауымды, жорналшыларды, келулеріңізге өтінемін. Қазақ тілі баршамызға керек екенін көрсетейік жауапты орындарда отырған шовинстерге, басқаларға да сабақ болсын!

Трамвай басқармасының адресі: Солтүстіктегі (вокзал маңындағы) қалаға кіре берер көпірдің алдында. Қала жақтан барамыз ғой. Көпірдің ар жағында. бірінші аялдама “Трамвай басқармасы”. Сол басқарманың ішінде, тел. 333857 (Рыбалко Антонина Максимовна, жүрг., кондукторлардың бастығы) 333823, қабылдау бөлмесі. Соларға айту керек, “біз жиылысқа келдік, қазақ тілі баршамызға керек, осыны фейсбуктен біліп келіп отырмыз” деп. Араларыңызда көргендеріңіз болса, ” иә, сондай нәрсе болған, кеше көрдік” деп, куә болсаңыздар  тіпті жақсы. Көп рахмет, сіздерге, жерлестер!

16 қаңтар 2015 жыл. Келдім трамвай басқармасынан. Қалалық ішкі саясаттан, бір куәгерден басқа ешкім келмеді… Облыстың ішкі саясатынан сұрағам, БАҚ-тарды жіберсін деп. Келген жоқ. Тілдер басқармасы әдетінше: “Кім көрінгенге бармаймыз” деген өркөкірек позициясын ұстап отыр. Келген жоқ. “Кім көрінгендер” қазақ тілі үшін боқталып жатқанда, олардың жұмысы қанша? Бір жағынан келмегені де жөн болыпты, әйтпегенде “Диона” дүкеніндегі сияқты керісінше, менің үстімнен арыз жаздыруды үйретіп кетуші еді…
Бір жаманы. жаңағы жиналыста, орыс ұлты өкілдері үндемей отырғанда (басшылары менен кешірім сұрады, боқтаған жүргізуші де кешірім сұрады),бір қазақ бригадирі тұрып: “мы все русскоязычные. не надо нас прессинговать”- дегенін не қыласың санасыздың. Өз ұлтын, өз мемлекетінің мемлекеттік тілін  өзі аяққа таптап берді ғой! Мен  күйіп: “Өкінішке орай., 300 жылғы саясатың нәтижесінде өз ұлттық құндылықтарынан айырылған қазақтар көп арамызда. Бірақ мемлекеттің, қазақтардың мүддесі – қазақ тілін де факто өз тұғырына қондыру!”деген сөздерді айттым. Түсінетін адамдар болса…”

Анықтама үшін айтарым:  Облыстың тілдер басқармасының бастығы Еділбай Қабжан. Былтыр “Галактика” полиграфиясындағылар: ” Қазақ тілінде қызмет көрсетпейміз. Она нам мешает работать”- деп, полиция шақыртқанда Еділбай Қабжанға 3 рет қоңыраулаттым. “Тым болмаса, олардың заңсыздығын айтып, телефон шалыңыздаршы?”-  деп айтқаныма былқ етпеді.  Хатшысы ” ол жиылыста отыр”, ” ол шығып кетті”-деп алдаумен болды. Шенеунік болып тұр ғой… Кез келген еркекпін деп санайтын азамат әйел адам шағымданып тұрғанда көмек беруші еді ғой…   Өз жұмысын істемей, тегін айлық алатындар әбден іріп-шірігендер деп ойлаймын !  Кешіріңіздер,  қандай пікірдемін, соны жаздым!

 

Облыс пен қала әкімдері ауысса да,  қазақ тіліне деген көзқарас ауысқан жоқ…

Тағы бір жағдай…  Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы қазақша дым  “қақпайтын”, қазір, қол астындағыларының айтуынша “енді үйреніп жатқан” Копенов Бауыржан Абуталипович. Облыстық  ішкі саясат басқармасы   қаланы қазақыландыруға саусақтарын тигізген  емес. Былтыр мен 7-мамырда біраз адамды жинап, Қазақстан Қарулы Күштері  күні құрметіне  біраз шерулетіп қайтайық дегенбіз. Сонда “9 мамырға Ұлы отан  соғысына дайындық қылып жатырмыз”-деп, алаңда  бізді жүргізбей қойды. Оларға тілдік, құлдық сананы өзгертуге жұмыс жасаңдар деген түк емес!  Қол астындағы, бюджеттен де қаржы бөлінетін орыстілді БАҚ-тар көше, қала атауын қазақшалау,   қазақ тілі десе өре тұра келеді. ИРБИС  телеарнасы да солай. Бұны осында жүрген Төлен бауырым қанша мәрте әшкереледі. ” Қазақшаны эфирдің түн ауған  уақытына  тығып тастайды, соның өзінде 50 пайыз емес, 30 пайыздың маңайында” дегенде, мемлекеттік тілді менсінбей, тықсыратын БАҚ-тарды  облыстық ішкі саясат басқармасы   қызғыштай қорғаған. Білетінім, егер ішкі саясат басқармасы бастығы Копенов әлі орнында отырса, қазақ тілін қақпайтын қазақ. Сондықтан да шығар, мені бір рет те қабылдамады.

Ал облыстық ішкі саясат басқармасының   бүгінгі трамвай басқармасындағы жиналысқа  қалалық  ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айжанды  жібергеніне  рахмет деймін.  Бірақ оның да көзқарасы, “қазақ тілімен бірге орыс тілін де құрметтеу керек”-дейді.  “Дұрыс қой, бірақ,  айналайын, барлығымыз орыстілді болып кеттік емес пе, одан әрі қандай құрмет керек,  бұл жерде құрметсіз қалып, қорлық көріп отырған мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі ғой”- дедім.

Бұрын Ерлан Арынның облыс әкімі кезінде мені ғайыптан тілге қатысты жиынға шақырған. Сонда тіл үшін ЖКХ-ның облыстағы бас мекемесінің бастығы Саин Уалиханұлын, көліктегі қазақ тілінің масқара жағдайын айтып, сынның астына алғанмын. Сол жиында қала әкімі  менің бетіме әжуә көзбен, жақтырмай қалған. Өйткені, Арынның сол жиында “міне, қала әкімі отыр, міне, тілдер басқармасы бастығы Е.Қабжан отыр, бір  айда қалыпқа келтіріңдер!”- деген тапсырма берді. Бірақ, ол сөз жүзінде қалды, әрине. Тағы бірде қала әкімімен  кездескенде, “Репрессия құрбандарына ескерткішті (соның жанында кездестік) неге қалада салмадыңыздар? Қаланың ішінде белгітас тұр құрбандарға, оның жанында құран бағыштауға болмайды дедіңіздер, енді қаланың сыртындағы, зираттың жанындағы ескерткішке неліктен құран оқытпайсыз?” деген сұрақ пен  қазақ тілінің мүшкіл халі жөнінде сұрақтарды да  қойғанмын. Сонда ол  кекете күліп, сол жерде киліккен ішкі саясат басқармасының қызын меңзеп, “міне, мына кісі жауап береді” деп, тоқтамай өтіп кеткен. Қазір  орыстілді әкімдердің (қала әкімінің, мемлекеттік қызметкерлердің) “басты жауы”, осы қаладағы  қазақтілді мен болып отырған секілдімін.

Сондықтан да, трамвай басқармасы  кешірім сұраған соң, мен де кешірсем де, енді мені соттамақшы. Күдіктенуімше,  мемлекеттік тіл үшін үстінен арызданған мемлекеттік мекемелердің барлығы  (қазақ тіліне байланысты мазаламағандарым  кем-де кем бұл қалада),  осыған барып отыр ма екен деп ойлаймын. Барлығы жабылып алып, мені  сотпен бір тұқыртпақшы…  Себебі былтыр, 38 млн теңгеге шырша қойғанда, қала әкімін тағы да сынағаным бар…

Бүгінде  облыс пен қала әкімдері ауысты.  Бірақ  қазақ тіліне деген көзқарас ауысқан жоқ…

Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ,

Республикалық “Қазақ үні”  газетінің

Павлодар облысындағы меншікті тілшісі.

qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Руза апай, сізді қазақ тілін қорғаушы күрескер ретінде «Қазақ үні» газетінен жақсы білеміз.Сізді үнемі қолдап отырамыз. бірақ, бір кемшіні өзіңіздің сырт келбетіңізді де, атап айтқанда, шашыңызды қазақтың ұлттық қоңыр бояуымен немесе қара бояуымен бояғаынңыз дұрыс болар еді… Бұл біздің тілегіміз.

  2. Батыр, ал көзіме не істейін? 8-9 жасыма дейін шашым ақ-сары болатын, үлкейе келе қоңырланды. Мынау енді өзімнің ақ шашыммен жәй сары түстің қосындысығой))). Әйел болғансоң жарасады деп… Біраздан соң орамал тағу ойымда бар. Дәл қазір дайын болмасам да..

    Айтайын дегенім, Нұрланды, қазақ бастықтарымен орысша сөйлегенін неге байғұс деп төмендеткенімді (мем.мекемеде істейтін қазақтар білмеуі нейғабыл, тек сөйлемейді). Ақсу ф-па зауытында істегенімде басқарма бастығымыз болатын, қазақша түк білмейтін Қарағандының М.Ж.Дарибеков деген тау-кен инженер жігіті. Қазақша жазып алдына әкелген қағаздарыма бір қарап, маған бір қарап отыратын да, ақыры үндемей қолды қоя салатын. Үйткені, “Сәлеметсізбе Марат Жакенович, осы ….. құжатарға қолыңызды қойыңызшы” деп кіретін едім. Ол қағаздар әртүрлі мекемелерге, мем.органдарға кететін. Оларда әртүрлі қызметкерлер…2004-2008жылдары. Орысша сөйле деп айтуға ары жібермейтін болу керек. Қандай сұрақ қойса да, қазақша жауап беретінімді білетін ол, ақыры 2 сөз үйреніп алды: “Не әкелдің”, сосын қағаздарымды алады да, көп ойланбай, қол қоя салады. Сол жарықтық, қазір марқұм, басқаларға 10мың теңге премия бергенде, маған 20м.теңге жаздыратын….

    Гүлмира Садықова
    17 қаңтар, 2015
    8:32 am (Edit)
    Руза апай Сіздей жанашыры бар кезде Павлодар жұрты әлі ақ қазақ тілін құрметтейтініне мен сенемін!!!

    Руза
    17 қаңтар, 2015
    8:46 am (Edit)
    90-шы жылдардың басында Өскемен маңындағы шахтада істедім, қазақтар 2-3 пайызбыз. Шахтамыздың үстінде, басқа посел. Басқарма болатын. Бірде, жолшыбай, павлодарға барып тұратын камаздармен, 9 қап картобымызды әке-шешеме апарып бермекші болдым. Со кезде (отпускіде болғам) үстімізден қарайтын үлкен бастықтардың ішінде жалғыз қазақ болатын, экономика жағынан, көрмесем де, “Камаз, біздің пос. кіріп картобыммен мені, қыздарыммен бірге ала кетпей ме екен, ол жақта әке-шешем тұрады, жолшыбайғой” дедім. Көмектесті. Келгеннен кейін (жолда жүргізушіні тамақтандырып отырдым әрине, орыс болатын, 1 бөтелке арағын да қолына ұстаттым), ағай, рудниктің кассасына қанша төлейін дегенімде: “Ешнәрсе төлемейсіз қарындас, қазақша сөйлегеніңіз үшін” дегенді естіп төбем көкке жете жаздады. Төлемегеніме емес, әрине. Өзім де, жолдасым да шахтада істегеннен, жәй жұрттан ақшаны сол кезде 2-3 есе артық алатынбыз.

    Ақтөбе
    17 қаңтар, 2015
    10:49 am (Edit)
    Қайран елім қазағым қалың жұртым
    ұстарасыз аузыңа түсті мұртың……

    Бас -басына би болған өңкей қиқым
    мінекей бұзған жоқпа елдің сиқын.

    Оқ
    17 қаңтар, 2015
    10:15 pm (Edit)
    Жоғарыда отырған өңкей мәңгүрттер кесірынен Қарақазақ ата жауының алдында қор болды!!

    Азамат
    18 қаңтар, 2015
    12:42 am (Edit)
    Оу ағайын, біріншіден, кез келген облыста осы мәселе бар және кейбір облыстарда Керекуден де ушығып тұр. Енді айтайын дегенім, Руза деген тіл жанашыры осы мәселелер бойынша Тіл департаментіне арыз жазды ма екен? Егер арыз жазылып, құзыретті орган ешқандай іс әрекет жасамаса ода сынау керек, ал кез келген адам қате көрген жерінде жанжалдасып жүрып өзіне абырой іздесе ол дұрыс емес, себебі Заң бар ғой. Бүгінгі күні осы кәсіпкерлерді тексеруге тыйым бар сияқты, содықтан тіл басқармалары тек түскен арыз арқылы ғана тексеріс жасай алады.Сондықтан менменшілдіксіз жаппай жұмыс жасаған дұрыс.

    Руза
    18 қаңтар, 2015
    1:18 am (Edit)
    Айналайын Азамат, оларға жазбаша да, ауызша да арыздарым жоқ болса, тіпті президент арқылы да ашық хаттарым болмаса. Ақырғы уақытта арыздарым тым көбейгендіктен, кім көрінгенге жүгіре бермейміз десе, шақырғанымда орыстың шовинистеріне керісінше менің үстімнен арыз жаздырып қойса, т.с.с. қайталанып отырса аузымды жұмып отыр дейсізбе маған? Орыстілді мазақстанда отырып, ф-лары тікелей тіл, бастысы мемлекеттік тіл үшін жұмыс істеу болатын мекеме осындайды істеп отырса, еш кешірім жоқ оларға! Ақырғы уақыттарда тек полицияға, ішкі саясатқа шағымдануға мәжбүрмін. Олардың да түрі анадай! Ал қысылып жатқан жағдайда: “Қазақ тілінде қызмет алуға құқы бар”, хабарласып тұрған тілдер басқармасы деген бір қоңырау болса, тыңдамайтын мекеме кем-де кем. Өйткені қоңырау мемлекеттік мекемеден! Сондықтан олардың мені талапайлап отырғаны – әдейі, маған істеп отырған, кешіріңіздер, қазақша сөздің баламасын таба алмай отырмын, ТРАВЛЯ!

    Тілеуберді
    18 қаңтар, 2015
    1:26 am (Edit)
    Бұл Павлодар өңірінде қазақ тілді қауымның жанына бататын ең үлкен мәселе болып отыр. Руза апамыз осғын дейін де біраз мекемедегі тіл туралы заңның орындалмай келе жатқанын анықтап, өз кемшіліктерін мойындатқан болатын. Бул жолы да жеңіске жетіп, орыс тілді ағайындардың мысы басылар деген ойдамын. барша жерлестерімізді қолдауға шақырамын!

    Anonymous
    18 қаңтар, 2015
    2:42 am (Edit)
    Келсін бізге батысқа

    Аян
    18 қаңтар, 2015
    8:02 am (Edit)
    Тіл басқармасы сынап жатып, Ішкі саясат басқармасын қосудың не қажеті бар? Бұл мәселе бойыша тіл басқармасына шағымдау керекте.

    Руза
    18 қаңтар, 2015
    8:16 am (Edit)
    Қала, облыс қоғамының мемлекет тілін боқтауына жеткенге ішкі саясаттың қатысы жоқ деп ойлайсыз ба?

    Нұрбол Оңалбеков
    18 қаңтар, 2015
    11:58 am (Edit)
    Сол үшін! Жабыла жүрудіде уйренуимиз керек агайын. Қазақ тіліне жан ашитын жан санаулак

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз