Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жас ана көз жұмды

0
529

Астанадағы нөмірі № 2 перинаталдық орталыққа босануға келіп, кесір тілігінен кейін көз жұмған келіншектің туыстары дәрігерлердің жауапқа тартылуын талап етеді.

Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жас ана көз жұмды
Өйткені, сот сараптамасы Назерке Қадырқызының өліміне ақ халаттылар кінәлі деген қорытынды шығарған. Бірақ ешкім қызметінен кетпеген. Тіпті, дәрігерлер қайғыдан қан жұтқан туыстарынан кешірім сұрауға да бармаған. Осының себебін білуге барған анасына ақ халаттылар жөн айтпақ түгілі, полиция шақыртып перзентханадан қуып шықты.

Өз баласын бауырына баспай жетім қалғаны батады. Анасыз қалған балаға кім қамқорлық жасайды?

Көз жасы көл болып отырған Шынар Қарамурзинаның дәрігерлердің қолынан көз жұмған жалғыз қызын жоқтап, қайғыдан қан жұтқанына екі айдан асыпты. Жиырма төрт жастағы Назерке Астанадағы №2 перинаталдық орталыққа босануға барып, кесір тілігі жасалған күннің ертеңінде қайтыс болған.

Анасының айтуынша, дәрігер Салтанат Ордабаеваның қолына қызы Назерке 100 мың теңге беріп, ота жасауға келісіпті. Алайда, тексеріс барысында кесір тілігі жасалған күні ақша алған акушер-гинекологтың кезекшілікте жоқ екені анықталған.

Анасының айтуынша, мұндай бассыздыққа жол берген бас дәрігер Орбадабаевадан тиісті үлесін  алып отырған. Яғни, Салтанат Ордабаева кесір тілігін жасап, аман-есен босанды деп бізден сүйінші сұрап көлігіне мініп кетіп қалды дейді туыстары.

Ал Сот-медициналық сараптама қорытынды бойынша, дәрігерлер «Перзентханадағы науқастың ауыр жағдайына қарамастан бақылауды нашар жасаған. Ана өлімі дәрігерлердің жұмылмауынан, тексеруді толық жүргізбеуінен, дер кезінде араша түспегендігінен болған».

Сондықтан, науқастың жатырынан қан көп кетіп көз жұмған. Алайда астаналық ақ халаттылар қайғыдан қан жұтқан туыстарынан кешірім сұрап көңіл айтуға да жарамаған. Ал Назеркенің анасы тоғыз ай көтерген сәбиін бауырына бір баса алмай өмірден кеткен жалғызын жоқтағанда жұбатуға сөз табу қиын.

Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жас ана көз жұмды

«Өз баласын бауырына баспай жетім қалғаны батады. Анасыз қалған балаға кім қамқорлық жасайды? Ертең баланың тағдыры, жағдайы қалай болады, жаныма сол батады», – дейді марқұм Назерке Қадырқызының анасы Шынар Қарамурзина.

Назерке бауырына да баса алмай қалған нәрестені қазір әкесі бағып жатыр екен. Ана сүтін ембей өсіп жатқан сәбидің есімі – Дильяра. Шырқырап жылап, түнімен анасын іздеп ұйықтамайтыны жаныма батады. Сондықтан баланы анасынан айырған дәрігерлер қызымның тағдырына да жауапты дейді әкесі.

Ашынған әйелді қабылдамақ түгілі ақ халаттылар күзетші шақырып, қабылдау бөлмесінен сүйреп шығарды.

«Дәрігерлердің кінәсі деп шығып тұр ғой. Бұлар өтірік айтып жүрмей, өз жазаларын алу керек деп ойлаймын», – дейді  марқұм Назерке Қадырқызының күйеуі Дастан Әбжанов.

Қазір бұл сұмдық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс тергеліп жатыр. Ал қызының өліміне себепкер болған дәрігерлердің өзімен тілдесуге барған анамен кездесуге ешкімнің құлқы болмады. Ашынған әйелді қабылдамақ түгілі ақ халаттылар күзетші шақырып, қабылдау бөлмесінен сүйреп шығарды.

Ең сорақысы «бұзақылар» есікті сындырды деген желеумен, қайғы жұтып отырғандарды полиция шақырып перзентханадан қуып шықты.

Осылайша, жалғыз жоқтаған ананы бас дәрігер, болмаса орынбасарларының бірде біреуі жұбатуға да жарамады. Ал Назеркенің туыстары қайта тағайындалған сот сараптамасы бұрмаланып кете ме деп қорқады. Сондықтан олар дәрігерлердің жазасын алуын сұрап құзырлы органдарға шағымданбақ.

Источник: 31 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз