Ақшам жоқ болған соң…

0
406

кедей

—Жігітім, неге кәсіп істемей бос жұрсің?
—Ой, ағай, қызық екенсіз, кәсіп істейтін қайдағы ақша? Бір кәсіппен шұғылданайын десем, баяғы сол ақша құрғұрдың жоқтығы.
Міне, бұл кезгелген қарекетсіз азаматтарымыздың жауабы.
Менің екі көршім бар болатын.  Біреуі ақшасы болмағандықтан, әуелі үш дөңгелек айдады, соңынан төрт дөңгелек тыртылдақ айдады. Онан соң сегіз дөңгелекті біреуге айдатты. Қазір ақшаны айналымға салып, соны шыр айналдырып ойнап жүр.

Ал, екінші көршім ақшасы болмағандықтан, әуелі тоқаштап нан сатты. Онан қазандап палау сатты. Онан біраз мезгіл көрінбей кетіп еді, міне, жақыннан бері қабаттап ғимарат сатып ойнап жүр.
Ақша жоқ болғаннан кейін, кәсіп істей алмаймыз ба?

Әлде, ақша табу үшін кәсіп істейміз бе?

Ерғали Махамбет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз