Келіншек басқа еркектен туған сәбиін бөлшектеп тастады

0
62

Шымкенттік келіншек енесі мен күйеуінен тұңғышын тығылып босанып, сәбиді бөлшектеп әжетханаға тастап жіберген.

Шымкенттік келіншек басқа еркектен туған сәбиін бөлшектеп тастады
Әйел тығылып босанып, баласын өлтірген

Жиырма жастағы жас ана тұңғышын енесі мен күйеуінен жасырын өзі босанған. Туа салысымен кіндігін өзі кесіп, сәбиді пышақпен бөлшектеп, әжетхана тесігіне тастап жіберіпті.

Жарты сағат өтпей қатты аурып, орнынан тұра алмай отырған келінін көрген енесі дереу жедел жәрдемге хабарласады. Дәрігерлер қансырап отырған келіншекті тексере келе айы-күні жетіп босанғанын түсінеді. Сәбиді іздейді.

Келіншек туғанын мойындамаған. Ақыры полиция келіп жер үйдің ауласын іздеп, соңында бөлшектенген нәрестенің денесін дәретханадан тауып алды. Айыбы ашылғаннан кейін жиырмадағы келіншек өзінің мұндай әрекетке барғандағы құпиясын ашқан.

Келіншек аяғы ауыр екенін білмей төрт ай бұрын ғана, қыздық жасатып тұрмысқа шыққан. Ал күйеуі өзімен екі ай бірге тұрып, қалыңдығын анасының қолына тастап, өзі Астанаға құрылыс жұмысына кеткен болып шықты.

Шаранасын өз қолымен өлтірген келіншектің әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Источник: NUR.KZ

Егер қате тапсаңыз, оны бөлiп алып Ctrl+Enter басаңыз

Басып шығару нұсқасы

В СТАТЬЕ

Темы:
Общество, ЮКО, Шымкент, криминал
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз