ДАРИҒАНЫҢ табанын жалап күн көрген СЕРІК АБАС-шахтың жағымпаздықты сынағаны күлкілі екен – Қажымұқан Ғабдолла

12
8231

Рас, бір қарағанда, алаяқ шал абайсызда шалынып кетіп, қаңтарда қар күреп кеткендей көрінеді…

Шын мәнісінде, олай емес, мүлдем. Шалдың етігін сүйіп, етеген сүйреген жағымпаздардың бәрі – әлі ат үстінде.

Өткенге өкініші болмаса да, толқынысы бар, кешегі күлшелі жігіттердің бірі – Серік аға Абас-шах та дүркін-дүркін дүрбелеңдетіп қояды. Бүгінгі ісі дұрыс, пиғылы түзу екендігі – күмән келтірмегенімен, бұл ағатайымыз да бұрынырақтағы біраз жылдар бойы «Хабар» телеарнасының терезелерін дірілдетіп, едендерін солқылдатты. Телеарнаның ханшайымы Дариға Назарбаеваның оң қолы һәм еркетотайы болды. Жұрт «Назарбаева келе жатыр» дегеннен именбей, «Абас-шах келе жатыр» десе, есігін – бекітіп, тесігін – тығындап алатын деседі, білетіндер…

Осыншама ойранды «ойыны» бар адам – ойы мен сөзінің ой-қырына қарауға тиісті қой. Бірақ, бұл ереже – Дариғаш апамның еркесіне жүр­мейтін секілді, кейде «Ұят болмасын»-ды ұмы­тып, сөз-семсерін оңды-солды сілтейді-ай кеп…

“Хабарда” Дариға Назарбаеваның табанын жалап күн көрген, көрген сайын қолын сүйетін Серік Абас-шахтың жағымпаздық туралы сөз айтқаны күлкілі екен. Айнаға қарамай ма?

Серік ағам жақында ұлтшыл қазақ Қазыбек Иса ағамды кекетіп бір пост орналастырыпты. Тоқтар көкем Жақаштың парақшасындағы пікірлерде біреулер қателесіп мені “Қазыбек Исаның адвокаты” деп жазыпты, мен ешқашан, ешкімге, соның ішінде, Қазыбек Исаға ешуа­қыт­та адвокат болған емеспін, дәп осылай Серік Абас-шахқа айтқан секілді тура ойымды тежемегем…

Судың біреуі салқын, біреуі жылымшы бола береді: Қазыбек ағамыздың қазақ тіліне қамқорлығына қолдау көрсету – тар шеңбердегі бір адамға емес, кең мағынадағы Ана тілімізге қолдау көрсету деп түсіну керек.

Сөйтіп, жалтақ пен жағымпаз дәуір өтіп барады…

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,

Фейсбук парақшасынан

12 ПІКІРЛЕР

  1. Сумаңдаған ұры ит сияқты осы біреу Абасшах дегеннің иісшіл тұмсығын тықпайтын жері жоқ екен!

  2. Ақынның бәрі күрескер бола бермейді. Ал Қазыбек Иса – күрескер ақын.

  3. Қазыбек Исаға, ұрынған Серік Абас-шахқа, Аяз-би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл дер едім. Қазыбек Иса, қазақ тілінің жанашыры, тілдік мәселе туралы жанын салып, күресіп жүрген Азамат. Қазыбек Иса сияқты, әр қазақ шырылдаса, қазақ тілі көркейер еді. Қазыбек Иса мырзаға, Мың Алғыс!!!
    Аман, болсын!

  4. Серік Абас шах шах бола ма, мат бола ма оны мәртебелі уақыт көп ұзамай- ақ анықтап береді. Ал, Қазыбек бауырымызға келсек, ол нағыз ұлт жанашыры. Оның қайраткерлігіне уақыт пен қазақтың киелі Ана тілі өз бағасын әлдеқашан беріп қойған.

  5. Қазыбек Исаның бетсіз бетпақ бес қатын арандатып жариялаған фотосын алтыншы қатын болып, Серік Абас-шах жариялапты.
    Еркектің ішкені мен серілігін жамандайтындарөсекші қатындар мен импотент “еркектер”

  6. Серік Абасшах деген сумаңдап, әркімге бір тиісіп, әр жерге тұмсығын тығып жүретін неме ме? Нағыз жағымпаз екен ғой! Тоқтар Жақаш не демейді, есек не жемейді?!

  7. Серіктің жағдайы аянышты екен. “Елді сынау не теңің, жылтырайды к@тенің”-дейді ел Серік сияқты шәуілдектерге.

  8. Серіктің бейшара тірлігін өзі омақаса құлап жатып, сүрінгенге күлу дейді қазақ.

  9. Дариға екеуі Асарлатып, асарын асап, жасарын жасаған екен ғой Асарчиктер

  10. Серік Абас-шах!
    Дариға Назарбаеваның табанын жалап күніңді көріп, көрген сайын қолын сүйгеніңді ұмытып, жағымпаздық туралы сөз айтуың күлкілі екен.
    Жағымпаздық туралы сөз айту үшін алдымен айнаға қарамайсыз ба?

  11. СЕРІК АБАС-ШАХ, МАТ БОЛЫП, СЕРІК АБАС-МАТҚА АЙНАЛДЫ
    Өлетін козел қасқырмен ойнайды деген осы. Қазақ тілі мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеріп жүрген ұлтшыл
    Қазыбек Исаға тиісіп несі бар десейші Серік Абастың.
    Біреуді дәлелсіз қаралаймын деп, Серік Абас-шахтың жағымпаздығы жалпақ жұртқа әшкереленіп, масқара болып, шах еді мат болды.

  12. Отыз жыл мызғымас иесінен айрылған Серік Абас -шахтың шатыры кетіп сандырауға көшіпті ғой! Көзі қарайған там сүзер деп осыны айтса керек!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз