Қытайда қазақ кәсіпкері ұлы ақын абайдың балалық шағы туралы көп бөлімді фильм түсіруде
астана. қазақпарат – Қытайдың Үрімжі қаласында қазақ кәсіпкері Ғұсман Қажытай басшылық ететін «Абай жолы» анимациялық компаниясы «Абайдың балалық шағы» атты көп бөлімді анимациялық фильм түсіріп жатыр, деп хабарланған ҚР мәдениет және спорт министрлігінің сайтында.
Жоба авторларының сөзіне қарағанда, фильмды түсірудегі басты мақсаты – өскелең ұрпақтың өз халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылығын арттырып, олардың бойларында қазақ әдебиетіне мақтаныш сезімі мен құрметті қалыптастыру.
2014-жылдың басында қолға алынған жобаға сәйкес анимациялық фильм 104 бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта олардың екі сериасы дайын. Мультфильмның түсірілімі үш жыл ішінде бітеді деп күтілуде. Сонымен қатар жоба авторлары толық метрәжді мультфильм түсіруді жоспарлап отыр.