Алдағы уақытта Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне 10 миллион тоннаға жуық астық жөнелтуге ниетті

0
98

ҚР Президенті: Алдағы уақытта Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне 10 миллион тоннаға жуық астық жөнелтуге ниетті

ГӨРГАН. ҚазАқпарат — Алдағы уақытта Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне 10 миллион тоннаға жуық астық жөнелтуге ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттерінің үшжақты кездесуінен кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Өткен жылы Қазақстан Иранға бір миллион тоннадан астам азықтық астық жеткізді. Ал Парсы шығанағы елдерінің сұранысы 9-10 млн. тонна және біз дәл осындай көлемде жібермекпіз», деді Елбасы.

ҚР Президенті өз сөзінде Қазақстан металл, минералды тыңайтқыштар және басқа да өнімдер өндіретін баса атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Иран мен Түркіменстаннан да тауар сатып алатындығын еске салды.

«Біз, Президенттер осы оқиғаны ғана атап өткен жоқпыз. Бір-бірімізбен екіжақты және үш жақты форматта келіссөздер өткіздік. Осы үштіктің одан арғы міндетін айқындайтын жұмыс тобын құруға уағдаластық. Бұл — бірінші. Екіншіден, Түркіменстан Президентінің ұсынысы бойынша көліктік логистикалық өзара іс-қимыл мәселелері зерделенеді», — деді Н.Назарбаев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз