Апатқа ұшыраған “Ан-2″ ұшағында қаза болғандардың аты-жөндері анықталды

0
153

“Қазақмыс” компаниясы Жамбыл облысындағы АН-2 ұшағының апатынан қаза тапқан өз қызметкерлері туралы ресми мәлімдемені жария етті.

Апатқа ұшыраған

Мәлімдемеде ұшақ бортында жеті адам болған, олардың төртеуі, “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС-нің қызметкерлері, ал үшеуі – экипаж мүшелері болғаны айтылған.

“Қазақмыс” корпорациясының үш қызметкері: техникалық даму департаментінің директоры Г.Т.Төлеубаев, “Балқаштүстімет” ӨБ-інің бас механигі Е.Б.Ибраев, “Балқаштүстімет” ӨБ-інің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы У.Х.Есмағанбетов апат орнында көз жұмды, ал “Балқаштүстімет” ӨБ-інің бас геологы Ә.А.Шаяхметова ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жасауда. “Қазақмыс” корпорациясы қаза тапқан жандардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Компанияның мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе көлігі Балқаш-Шатыркөл кен орны бағыты бойынша ұшып келе жатқан. 12 орындық АН-2 ұшағы Қарағанды қаласындағы “Олимп-Эйр” компаниясының иелігінде болған.

Апат 20 қаңтар күні сағат 15:40-та Жамбыл облысының Шу ауданында, Төле би ауылынан шығысқа қарай 45 шақырым жерде орын алды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ұшақ қонуға таяғанда қалың тұман салдарынан жерге соғылған.

Источник: ИА “Казинформ”

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз