Ұшақ апатынан аман қалған әйел дәрігерлерден аяғын кеспеуді сұрады

0
315

Жамбыл облысында құлаған АН-2 ұшағында тірі қалған Әсем Шаяхметованың жағдайы бойынша дәрігерлер консилиумы өтті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдай департаментінен хабарлады.

Ұшақ апатынан аман қалған әйел дәрігерлерден аяғын кеспеуді сұрады
Әсем Шу қаласындағы Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде.

«Қазіргі кезде Әсемнің жағдайы ауыр болғанымен тұрақты, ол есін жыйды. Біз оған кіріп шықтық, ақырын сөйлей алады. Оған медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Қазір Астана қаласынан мамандар келді. Әсемнің аяғында ашық сынықтар бар. Көп қан жоғалтса да ол қиындыққа сабыр қылып, ерлік көрсетіп жатыр. Ол дәрігерлерден аяғын сақтап қалуды сұрап отыр», – деп баяндады ТЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы  Бағдат Данилов.

Шаяхметованың жағдайы жөніндегі консилиумның қорытындылары бойынша дәрігерлер оң болжамға сүйенеді. Аталған уақытта зардап шеккен әйелді Алматыға емделуге жіберу мәселесі шешілді.

29 жастағы Әсем Шаяхметова – «Қазақмыс» корпорациясының «Балқаштүстімет» өндірістік өнеркәсібінің бас геологы. Ұшақ құлаған соң, ол мобильді телефонмен «112» құтқару қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына құтқарушылар жедел келіп жеткен.

Еске салсақ, 2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның Шатыркөл кен орнында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ұшақ кен орнынан 25 шақырым қашықтықтан табылды.

Әуе кемесі «Олимп ЭЙР» компаниясына тиесілі. Алдын ала деректер бойынша апатқа ауа райының қолайсыздығы (тұман) себеп болған. Ұшақ жерге қонбақшы болған сәтте, жерге соқтығысу салдарынан апат орын алған.

Ұшақ бортында жеті адам болған – «Қазақмыс» корпорациясынан төрт адам және үш экипаж мүшесі. Алты адам апаттан көз жұмды.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз