ТІЛДІ САТҚАН МАМАЙ ЕЛДІ ДЕ САТАДЫ

0
4138

Жанболат Мамай -2011 жылы Шаханов бастаған Қазақ тілін қолдаған әйгілі 138-дің Ашық хатына қол қоймай, Қазақ тіліне қарсы шыққан болатын. Қосанов сияқты Қазақ тілін қолдауға қарсы шығып, қол қоймай қоя салмай, телеарнада Орыс тілін қолдап, орыс тілін Конституциядан алып тастауға қарсы болып, сұңқылдап сұхбат берген – яғни Тілді сатқан болатын. Тілді сатқан адам Елді де сатады.
Кейін «Ашық алаң» деген газетінде «Орыс тіліне мемлекеттік тіл статусын беру керек! Сонымен бірге 131 ұлт тілдеріне статус беру керек!» деген мақала жариялады. Сол кезде ұлт зиялыларының бәрі қарсы шықты. Шындық жыршысы, тегеурінді ақын Темірхан МЕДЕТБЕК «МЕН «АШЫҚ АЛАҢДЫ» БҰДАН БЫЛАЙ «САСЫҚ АЛАҢ» ДЕП АТАЙМЫН!» деп жазды!..

Әшейінде Қазақ тілі үшін күресіп жүрген, Ұлттық мүддені қорғаушы ұлтшыл аға,іні, әпке-қарындас, бауырлардың кейде осы аяқ астынан керең, соқыр бола қалатыны таңдандырады. Бұның екі-ақ себебі болуы керек.

1. Мамайдың Қазақ тіліне қол қойып тұрып, сол кездегі қожайыны Аблязовтың және тағы бір Қазақ тіліне қарсы болып қол қоймаған «ұстазы», қазір ең басты әшкерелеушісі Жасарал Куанышалиннің айтуымен қойған қолынан айнып кетіп, қайта қарсы шығуын (яғни бұл оның қай кезде де қай қожайыны не айтса, соны орындайтын өзіндік пікірі жоқ тайғақтығын көрсетеді) білмейді.

2. Ұлттық ұстанымнан, принциптен жұрдайлық!

3.Саяси сауатсыздық!

Ешкім Тілден, Елден артық емес! Кім болса да! Мінбеде болса да, түрмеде болса да!
“Жанболат Мамай неге сотталмайды, билікте бір қожайыны бар ғой?”-дегені рас екен. Жанболат Мамайдың қожайыны Мәсімов қамалып еді, өзі де тұтқындалды.

Мамайды мақтаған бір постқа өз ойымды жазып едім, үш рет өшіріп тастады. Ал шындықты халық білуі керек, сондықтан пост салуға тура келді.

Кенжебек Оңалбекұлы,

Фейсбук парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз