ЖАЛАҚОРЛАР ЖАЛАСЫ – Аққа күйе жұқпайды Аружан мен Қасым Аманжол!

0
574

Аружан ба, Ауружан ба өзі?)))

Жалақорлар ұясы деуге болатын Жанболат Мамайдың жарапазаншылары өтірікті шындай етіп соғып жатыр екен. Төлқұжатынан туған жылын көрмей, түріне қарасаң, қақсап отырған қазымыр кемпір екен деп ойлап қалатын Аружан (қор болған есім) деген қыз Қазақтың сөзін сөйлеп жүрген Қазыбек Исаны негізсіз қаралапты. Бұлардың ойынша депутаттар туралы сөз болса, міндетті түрде Қазыбек Исаны қаралау керек!

Өйткені, елдің сөзін айтып келе жатқаны үшін қалың халық қолдап келе жатқан ұлтшыл Қазыбек Иса бұл сияқты тапсырыспен ұлтшылдарға шабуыл жасайтындардың көзіне күйік болды десе де болады. Сондықтан Қазыбек Исаға жоқтан бар ғып жала жаба салғанда беттері бір бүлк етпейді-ау шіркіндердің?!.

Аружан дегеннің келтірген “айыбы”адам күлерлік! “Қазыбек Иса “экстремистер 19 сарбазды өлтірді” дейді де, қалған 220 бейбіт тұрғындар туралы ештеңе демепті” деп кембірбеті бір бүлк етпей соғады. Тура осылай жамандаған Қасым Аманжол ағасының негізсіз “айыптау үкімін” айна-қатесіз көшіріп алыпты! Нағыз Плагиат екен өзі қаршадай болып, жазықсыз біреуді қаралағаны аздай! Қасым ағасы плагиаттығы үшін сотқа берсе де болады))).

Ал шындығын айтар болсақ, депутат Қазыбек Иса қайта 19 сарбазды айтпастан да бұрын ең алдымен жазықсыз қаза тапқан бейбіт тұрғындардың аттарын қастерлеп, рухтарына тағзым ету керектігін парламентте ашық мәлімдеді!

Ақын Қазыбек Исаның сөзін оқыңыздар:
-Ең ауыры, қаза тапқандар ішінде ел қамы үшін ереуілге шыққандар да, тіпті, бейбіт тұрғындар да кетті. Жазықсыз қаза тапқандардың бәрінің аты-жөні Тәуелсіздікті қорғауда құрбан болған шейттер ретінде аталуы тиіс. БІЗ АЛҒА БАСҚАН ӘР ҚАДАМЫМЫЗ ҮШІН ҚАҢТАР ҚҰРБАНДАРЫНА ҚАРЫЗДАРМЫЗ!-деп парламентте жариялады.

Ал енді не дейсіңдер жала жабушы Аружан мен Қасым Аманжол?!
Көздерің көр болмаса, көріңдер мынау видеосын Қазыбек Исаның парламенттегі сөзін, қаза тапқан бейбіт тұрғындарды Тәуелсіздік шейттері ретінде қастерлеу керек дегенін!

-“ҚАҢТАР ТӨҢКЕРІСІНІҢ КӨСЕМІ КІМ? Неге ақиқатты ашық айтпайсыңдар?
НЕГЕ ТҰТҚЫНДАРДЫ АЗАПТАУ АКЦИЯСЫН ЖАСАҒАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАСЫН АЛМАЙДЫ?!
ҚАҢТАРДА ХАЛЫҚ НЕ ҮШІН КӨШЕГЕ ШЫҚТЫ?! Кедейлігі үшін шықты! Заңсыз байығандар Халық байлығын халыққа қайтару керек!”-деп парламентте айқай салған Қазыбек Иса халықтың жанайқайын жеткізгенін елдің бәрі тікелей эфирден көріп қатты риза болып, қолдап жатыр!
(Өтірік жала жапқан Аружан мен Қасым Аманжолов екеуінен басқа).

Қазыбек Исаның сөзінен үзінділер:

-Халық не үшін көшеге шықты? Халықты алаңдар мен көшелерге шығарған – отыз жылдан бері сүйретіліп келе жатқан сіңірі шыққан кедейлік, қу жоқшылық! Өткенде де айттық, жұмыс пен баспана жоқ, пұл жоқ, тіл жоқ, дым жоқ, күн көре алмай жүргендер көшеге шықпағанда қайтеді?!

-Елімізді отыз жылдан бері обадай жайлап алған әділетсіздік, жегіқұрттай жемқорлық жеп бітірді.

-Біз мақтанып айтатын Ел байлығы қайда? Экс-президент өзі мойындағандай, “кез-келгенін қолынан сүйреп апарып, соттауға болатын” заңсыз байығандардан халық қазынасын халыққа қайтару керек.

—Халық өзгерісті ертең емес – бүгін, қағаз жүзінде емес – өмірде көргісі келеді! Сол баяғы Солтүстіктегі 30 жыл бұрынғы әкім әлі әкім боп, енді Шығыста отырса, қалай Жаңа Қазақстан жайлы жақ ашуға болады? Сонда отыз жылдан бері қайран қазақ аналары әкім тумаған ба?!-деп халық сөзін айтқан Қазыбек Исаны қалың ел қолдауда!

Сонда Аружан сияқтылар басқа елді Қазыбек Исаның сөзінің видеосын көрмейді, қатты оқылып жатқан, ел жаппай қолдап жатқан фейсбук парақшасын оқымайтын аңқау, сауатсыз деп деп ойлай ма екен?!

Шынын айтқанда, Аружан ба, Ауружан ба өзі?)))

Аружан мен Қасым, келіңдер, Қазыбек Иса видеосы мен сөзі жарияланған кез келген ютуб каналын, немесе фейсбук парақшасын бірге қарайық! 999.9 пайыз қолдап, “Халықтың жанайқайын айтты” деп, шын ықыластарын ақтарып, шынайы тілектерін жаудырып жатқан жұрт!

Мыңдаған қолдаған пікірлерден бір екеуін ғана келтірсек:
Sholpan Tulebaeva:
“Шыңғырған шындық, халықтың сөзі, рахмет сізге нағыз қазақ үшін жаны ауырған адамның сөзі! Қазақ тілі үшін де жаныңызды салып келесіз. Алла дұрыс түзу жол нәсіп етсін бәрімізге”-дейді.

Ал Жармухамбет Адамовтың пікірін келтірейік:
“Шіркін-ай десенызшы, недеген адалдық!. Міне, азамат, елге жаны ашыгандық. Кім біледі, жалғыздың үні шықпас деген. Тек денсаулық тілейміз, айтарымызды дөп басты! Риза болғаным сонша, жылап тындадым,”-дегенін оқығанда сендер, Аружан, осы шын ықыласын айтқан оқырманға ызаланғаннан жылап жібергендерің анық көзің мен бетіңнің бес батпан бояуын айғыздап…

Ал негізі тура осы ақиқатты ашық айтқан ақынды бүкіл халықтың қолдауы мен зор ықыласы іштерін күйдірген ішмерез ауру Ауружандар мен Қасымдар шыдамай, қаралап отыр.

Бұлардың, Аружанның да, Қасым-жанның да постындағы пікірлерде Қазыбек Исаны кіналаған бір коммент те жоқ, қайта бұлардың өздерін “Неге жала жауып отырсыңдар?, Қазыбек Иса жазықсыз қаза тапқан бейбіт тұрғындардың мәселесін көтеріп, рухтарына тағзым етуді көтерді ғой” деп айыптаған.

Иә, бұлар, Мамайы бастап, әйелі Ингасы қостап, Абзал дегені мен осы Аружаны тағы бар, бәрі бірігіп халық қолдауына ие болған ұлтшылдарға жала жабумен айналысатын семьялық бригада өздері…)))).

Ал енді не болдыңдар?!. Масқара болдыңдар! Қолдарың да, жүректерің де қара күйе! Ол қара дақ ешуақытта кетпейді енді! “Жалақор” деген ат ұрпақтарыңа кетеді!
Шындығын айтар болсақ, сендер шындықты айтып, елдің сөзін сөйлеген Қазыбек Исаны жаппай қолдағаны үшін қалың елді жек көріп отырсыңдар! Оны мойындап, құдайдан кешірім сұраңдар, одан басқа жол жоқ сендерге!

Қазыбек Иса сөзінің видеосы мен сөзін фейсбук парақшасынан және ютубканалдардан көре аласыздар.

КЕНЖЕБЕК ОҢАЛБЕКҰЛЫ,

Фейсбук парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз