350 баласы бар қазақстандық ана

0
87

Қазақстандық рекордтар туралы қызық ақпарат жазғым келеді, бірақ жазатын түк жоқ дейді. Міне дайын рекорд. Өзгенің баласын өзімнің балам деп баққан. 350 баланы тәрбиелеген. 100 баласына жоғары білім алып берген. Оның 10-ы магистратураны бітірген. 26-ы жоғары оқу орындарында оқуда. Екеуі қытайда білім алған. 74 рет құдағи атанып, үйлену тойын өткізді. Оның ішінде 26-ы ұлын үйлендіріп, 48 қызын ұзатқан. Біреу балалар үйі ғой, мұнда қайдағы рекорд деуі мүмкін. Әдеттегі балалар үйінен айырмашылығы бар. Балалар үйіне қарағанда мұнда отбасылық, аналық мейірім, жылу бар.Балалар үйінің басшылары әр баланың тойын жасап, құда-құдағи болып төрде отырмайды. Бұл ретте Тұяқ Қазкенқызын 350 баланың анасы деп атауға әбден лайық. енді рекорд демей көріңіз.
Айтпақшы, Тұяқ Қазкенқызының ерлігі туралы  қоғамға айтыла бастады. Телеарналардан ол кісі туралы жарнамалық роликтер жүріп жатыр. Ол кісі туралы  өңірлерде кездесулер өткізілмекші. Ондағы ойымыз жастар үлгі тұтатын жанды алыстан, шетелден іздемесін деп, өз қаһармандарымызды әспеттеу.
Үлгі тұтатын жан алыста емес.  Тұяқ Қазкенқызы сынды жандар соның дәлелі.
(Facebook парақшасынан)

www.cenkazak.com

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз