Талдықорғанда «Таблиғи жамиғат» ұйымының 5 мүшесі сотталды

0
400

ayel

Талдықорғанда діни сауаты жоқ азаматтарды арбауына түсіріп, санасын улап келген «Таблиғи жамағат» деп аталатын діни ұйымының бес мүшесіне қатысты бүгін сот үкімі шықты.Белгілі болғандай, шырмауына түсірген жастарды шетелге де жіберген. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін «Таблиғи жамағат» діни ұйымына еліміз бойынша заңмен қатаң тыйым салынған.Десе де, ұйымға мүше 5 Талдықорғандық азамат біраз жылдан бері үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып келген. Олар көпшілікке экстремистік сипаттағы ұрандар айтып, дәстүрлі емес жоралар мен мінәжатқа үйреткен. Шетелге барып, діни кеңестерге қатысқан. Барлық кіналәрі дәлелденіп, бүгін оларға қатысты сот үкімі жарияланды.«2015-ші жылдың 14-ші қаңтарында Қазақстанның 5 азаматына  «Таблиғи жамат» ұйымына қатысты іс-әрекеттерді атқарған деген айыппен айыптау үкімі шығарылған. 1 азаматқа 1 жыл 6 ай, ал қалған төртеуіне 1 жыл, 8 ай көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген», — деді Талдықорған қалалық сотының судьясы Сара Жаңбырбаева.источник: Nur kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз