Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылында тағы да бірнеше оқушы есінен танып құлаған. Бұл туралы ауыл тұрғындары тілшілерге телефон арқылы хабарлады.
Дегенмен, қанша оқушының денсаулығы сыр бергені әзірге белгісіз. Өйткені бұл туралы жауапты органдар тіс жарар емес. Ауыл тұрғындарының айтуынша, сабақ үстінде оншақты баланың жағдайы нашарлаған. Ал Березовка ауылының әкімі Жұбаныш Хайруллин нақты ештеңе айта алмады.
«Ол енді алдында ауырған балалар ғой, солар қайтадан ауырып қалды. Неше баланың құлап қалғанын білгіңіз келсе, бас дәрігер Байчеркешовке телефон шалыңыз. Сол кісі айтып береді. Мен өзім жаңа келіп отырмын», – деді Березовка ауылының әкімі Жұбаныш Хайруллин.
Айта кетелік, осыдан екі ай бұрын Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының 28 оқушысы сабақ кезінде естен танып қалған еді. Күн өткен сайын ес-түссіз құлаған балалардың қатары көбейіп, саулығы нашарлағандары шипажайға да жөнелтілді.
Бірақ емдеу орнында жағдай жоқ екендігін айтқан ата-аналар балаларын шипажайдан кері алып кетуге мәжбүр болды. Ал күні кеше бұл ауылдың басқа жерге көшірілмейтіні жалпақ жұртқа жарияланды. Арнайы комиссия ауылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың қауіпті еместігі туралы қорытынды шығарған.