Еліміздің тұрғындарына таза сүт жетіспей жатыр

0
74

Себебі бізде бір адам жылына қалыпты 500 келі сүт өнімінің тек жартысын ғана тұтынады екен. Оның өзінде дастарханнан табылатын сүт пен айран, ірімшік пен қаймақтың сапасы сын көтермейді. Сырттан әкелінген өнімнің құрамында концентраттардың мөлшері көп, ал отандық фермерлер ішкі нарықты толық қанағаттандыра алмай отыр.

Бұл фермадағы ірі қаралардың барлығы Канададан арнайы алынған. Қазіргі уақытта олардың саны 600 бастан артып жығылады. Сүт беру жөнінен сиырлардың ішіндегі ең жақсы тұқым деп есептеледі екен. Сондықтан да шаруа қожалығының басшысы Зеңгі баба тұқымын Солтүстік Америкадан алдыртуға бел буыпты. Себебі қазір тұтынушылар арасында таза сүт өнімдеріне деген сұраныс артып келеді.

Әділ Медеуов, сүт фирмасының президенті:

– Қазір біздің дүкендерде көбісі сондай. Үйреніп те кеткенбіз. Таза сүт денсаулыққа да жақсы ғой. Ұнтақ сүттің  неден жасалғанын білмейсің ғой. Ал мынау кәдімгі таза сүт.

Қазір еліміздің тұрғындары сүт пен айран, қаймақ пен ірімшікті көрсетілген көлемнен екі есе аз тұтынады екен. Оның өзінде дастарханнан табылған дүниенің сапасы күмән тудырады. Себебі көп жағдайда ол концентрат болып шығады.

Лаура Түктібаева, сүт фирмасының вице- президенті:

-Дамыған елдерде бір адам жылына 500 келі сүт өнімдерін тұтынуы тиіс. Ал бізге небәрі 200-230 келі ғана бұйырады. Салдарынан дәрумендер, минералдар және микроэлементтер адам бойына тиісті мөлшерде дарымайды.

Мамандардың пайымдауынша, дүкен сөрелеріндегі әр бесінші сүт өнімі ғана елімізде өндіріледі. Яғни қалғаны сырттан жеткізіледі деген сөз. Оның өзінде құрғақ сүт пен пальма майы араластырылған сапасыз өнім. Осындай жағдай ескеріліп, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жылына 6 пайызбен несиелендіру науқаны жүргізілуде. Қазіргі таңға дейін 38 млрд теңгеге бағаланған 33 жоба мақұлданған.

Мәдина Мұхамбетова, «ҚазАгроҚаржы» АҚ маманы:

–Еліміздің фермерлері ішкі нарықты отандық сүтпен қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан «ҚазАгроҚаржы» 100 бастан артық сиыр ұстайтын фермерлерге қаржылық көмек көрсетуде.

Сүтті молынан беретін сиырды сатып алу үшін кемінде 6 мың долларға шығындалуға тура келеді. Бірақ ол сол қаржыны ақтайтын көрінеді. Себебі бір ірі қара жылына 10 мың литр сүт береді. Сондықтан сиырлардың әрқайсысына ерекше күтім жасалып, жұтатын ауасынан бастап, тұяқтарына дейін қадағалануда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз