«Азия авто» зауытының мамандарының айтуынша, құрастырылған отандық автокөліктердің сатылымы бүгінде 49 пайызға жеткен. Сондай-ақ биыл тағы 7 автокөліктің жаңа түрлері нарыққа шығады деп күтілуде.
«Аталмыш автокөлік Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айынан бастап құрастырыла бастады. Тұтынушының талап-тілегін қанағаттандыру мақсатында дәл осы көлікті шығаруға бел шешіп кірістік. Өйткені, жерлестеріміздің көпшілігінің сұранысы осы көлікке артып отыр», — дейді «Азия авто» акционерлік қоғамының өндіріс бойынша директоры Роман Зицер.
источник: Nur.kz